Оңтүстік аймақтарда ереуіл өтіп жатқаны туралы жалған мәлімет таратқан екі тұрғын анықталды
Жанармай қымбаттауына байланысты Түркістан облысында митинг болып жатыр деп жалған ақпарат таратқандар анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 сәуір күні кешке әлеуметтік желілерде Шымкент - Самара тас жолында жанар-жағармай құю бекеттерінің жанына жиналған адамдар туралы ақпарат пайда болды. Бейнежазба авторларының сөзінше, олар қымбатшылыққа қатысты наразылық білдірді.
Оқиға орнына барған кезде полицейлер мәліметтердің жалған екенін анықтады.
Сайрам ауданының екі тұрғыны Түркістан облысындағы Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолында заңсыз автожарыс өткізіліп жатқан жерді бейнежазбаға түсірген.
"ҚК-нің 274-бабы бойынша "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда", – делінген хабарламада.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ