Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтайлы төлем жасау

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялар саны күн өткен сайын артуда және олардың көп бөлігі терминалдар мен онлайн еншісінде. Осы үрдістің жеке тұлғалар мен банктер үшін әсері қаншалықты  болғаны туралы редакция Jusan Bank-тің Эквайрингті дамыту департаментінің директоры Елдос Кырбасовты сөзге тартқан еді.

– Біз Ұлттық банк берген статистикалық мәліметтерге талдау жасаған болатынбыз – кейінгі кезде қолма-қол ақша алуды қойдық десек те болады, бұл пластиктің жеңісі ме, қалай ойлайсыз?

– Жеңіс толыққанды емес, ұсынылған мәліметтерге қарасақ, аумақтардағы техникалық жабдықталудың жеткіліксіз болуынан бұл мәселе толық шешілмеген. Алайда бұл уақытша, өйткені күнделікті есеп айырысуға қолма-қол ақша соншалықты қолайлы емес екені анық.

– Банктің бұл  статистикаға көзқарасы қандай?

– Біз барлық процестің барынша цифрлануына аса мән беріп отырмыз. Пластиктің өзі тек бастауы деп алыңыз. Ал аппараттық тұсына келетін болсақ – клиенттің қалауы мен дағдысы шешеді. Кейбіреулер үшін карта ыңғайлы, біреулер тек телефонмен бәрін шеше салғанды жөн көреді, сәйкесінше ол мобильді қосымшаны немесе QR-кодты пайдаланады, кейбірі тіпті смарт-сағаттардағы төлем қосымшасын жеткілікті деп санайды.

– Клиенттермен жұмыс істеу барысында Jusan ұстанатын қағидаттар қандай?

– Барлығына ыңғайлы болу керек! Сондықтан да осы жылы нарыққа Android базасында жаңартылған POS-терминалдарды шығардық. Сатып алушылар үшін контактісіз төлем жасаудың барлық түрі қамтылған, ал бизнес иелері тұтастай Jusan экожүйесіне ауысып, фискалды органдармен тікелей байланыс орнатылған. 

– Экожүйенің терминалдармен жұмысы қандай? Бұл тікелей қосылу ма?

– Бұл барлық құралдың мысалға алсақ, есеп шоты, мобильді қосымша, POS-терминал және бақылау-кассалық машинасының бір жерден табылуы десек дұрыс шығар. Осы жүйе ішіндегі процесс қорғалған, авторландырылған және автоматтандырылған. Терминал ақшаны карт-шотқа аударады, терминалға орнатылған бақылау-кассалық машина сатып алған тауарға/қызметке жасалған төлем туралы ақпаратты нақты уақыт ішінде салық органдарына жібереді. Бизнес иесі Jusan Business мобильді қосымшасы көмегімен нақты уақыт ішінде қаражатты бақылап, қайта  аударуына болады. Оңай, ыңғайлы және әрдайым бақылауда! 

– Біз дүкендерде ескі жабдықтарды жиі кездестіріп жатамыз, сіздер ұсынып отырған жабдықтар қаншалықты жаңа?

– Біз жаңа клиенттеріміз үшін де, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан клиенттерге де тек жаңа терминалдар орнатамыз, ескілерін ауыстырамыз. Жаңа жабдықтың басты артықшылығының бірі – өтінім бергеннен кейін POS-терминал 1 күн ішінде орнатылады!

– Бұл модернизация үшін төлемді кім жасайды?

– Jusan Bank. Қанша жаңартулар енгізіліп жатса да, нарықтағы басқалармен салыстырғанда біз ұсынып отырған тарифтер әлдеқайда төмен. 

– Эквайрингті дамыту жөнінде сіздің болжамыңыз?

– Әрине бәрі сатып алушыны таңдайды! POS-терминалдар енгізіле бастаған кезде "шағын" бөлшек бизнес иелері ай сайынғы айналымдары аз болғандықтан оны орнатуға қалталары көтермеген еді. Қазір ауладағы дүкеннің өзін терминалсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да пластик және "цифрлану" тандемі кэшті көште қалдырары анық! 

Stan.kz
Дүйсенбі, 25 Қазан, 2021 13:40
Талқылау