Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік тұрғыны үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болғаны үшін дәрігерлерді айыптады

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының отыз жастағы тұрғыны Жадыра Жандарова соңғы бірнеше жылда үш баласы бірінен соң-бірі қайтыс болғанын айтып, дәрігерлерге қатысты шағым білдірді. Айтуынша, ақ халаттылар ешқайсысына дұрыс диагноз қоя алмаған. Ал үшінші баласы хал үстінде жатқанда арыстық дәрігерлер немқұрайлылық танытып, артынша баламнан айырылдым деп егіліп отыр.

цывуы

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Төрт баланың анасы Жадыра Жандарова Сайрам ауданында тұрған кезінде бір тәулік қана мазасызданған екі жасар Әсемайына дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмағандықтан, қызынан айырылғанын айтады. Арада тура екі жыл өткенде, бір жасар ұлы Әлімжан екі күндей ауырады. Жүрегін аппаратқа түсіріңіз деген дәрігерлердің нұсқауын толық орындаған ана екі күнде көз алдымда баламнан айырылдым дейді. Жұмбақ күйдегі екі перзенттінің қазасынан соң, жер алмастыру керек деген мамандар кеңесіне құлақ түрген отбасы Арысқа көшеді. Тағы да екі жылдан соң, екі жасар ұлы Тұрлыхан әп-сәтте қысылып қалады. Учаскелік дәрігер үйіне келуден бас тартқан соң, баласын құшағына алған ана емханаға жүгіріп өзі жетеді. “Осыған дейін екі баламнан айырылғанмын, үшінші жағдайға қатты алаңдаймын десем де, хал үстінде тұрған ұлымды ауруханаға жатқызбады. Бір жапырақ қағаз ұстатып, зерттеуден өтуге облысқа жіберді, ал жолда балам көз жұмды”, – дейді ол.

“Немқұрайлы қарағаныңыз үшін, бір қағаз үшін жолда менің балам өлді ғой дедім. Олардан қараудан бас тартқандарының, ауруханаға жатқызбағандарының себебін сұрадым. Жан жақтан педиатр, кардиолог, невропотолог барлығы келіп көру керек еді”, – дейді шағымданушы Жадыра Жандарова.

Жадыра Жандарова облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірген. Тексеру қорытындысы емдеу мен диагностикалау талаптары бұзылғандығы және динамикалық бақылау кемшіліктері бар деп, дәрігерге тәртіптік шара қолданылғандығы хабарланған. Зейнеткерлікке шықса да, қызметін жалғастырып отырған Арыстағы емхананың балалар невропотолог-дәрігері Салтанат Айдарханова баланың хал үстінде болмағанын айтып отыр.

“Ондай болған жоқ. Мен ақымақ емес шығармын. Неше жылдан бері істеп отырып, бір бала мұндай болған емес. Аффективті респираторлық синдроммен ешуақытта жатқызған жоқпыз. Сол жерде жедел түрде жатқызуға жібермейміз. Себебі, мұнда көрсеткіштер жоқ. Біз ол балаларды тексеруден өткіземіз бірінші”, – дейді Арыс аудандық емханасы балалар бөлімшесінің невропотолог-дәрігері Салтанат Айдарханова.

Жадыра мен күйеуі Ерденнің қолында қазір Бақытжан есімді бес жасар ұлдары ғана қалған. Аракідік ол да ауырып қалатын көрінеді. Үш перзентінен айырылған отбасы ізденіп жүріп, баласын Алматыға қаратқан. Дәрігерлер гипопаратиреоз диагнозын қойыпты. Қосымша генетикалық зерттеу қажет деген көрінеді. Ал оны өту үшін 250 мың теңге қажет болған. Қаржы таппаған ана “Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысынан жәрдем сұрадым, алайда қаржы жоқ деп жауап қатты”, – дейді.


Жіберіп алмаңыз:

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Семейде сәбиін суға лақтырдым деген келіншекке туыстары сенбей отыр

Талқылау