Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе өлім жазасына кесілді

КХДР соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені сырттай өлім жазасына кесті.

1489548947

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе мен Оңтүстік Корея барлау қызметінің басшысы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесілді. Солтүстік Корея соты осындай үкім шығарды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо 2015 жылы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасап өлтірмек болған.

Соттың ауыр үкіміне Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі, орталық прокуратура және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі келісімін берді.

Пак Кын Хе 2017 жылы президенттіктен босатылып, қазір істі болып жатыр. Ол жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияларды жария ету сынды баптар бойынша айыпталуда.

Тағы да оқыңыз:

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

“Иванушки International” тобының экс-солисі өмірден озды

Рианна Сауд Арабиясынан шыққан миллиардермен көңіл қосты (видео)

 

Талқылау