Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда жас ана 30 жасында үш бірдей егіз баланы дүниеге әкелді (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында Ғалбият Ғалымның отбасында сегіз ұл-қыз өсіп келеді. Оның жұбайы Ұлбосын Жасымбекова – үш рет егіз перзентті дүниеге әкелген батыр ана. Олар аудандық “Жедел-жәрдем” стансасында дәрігер болып қызмет етеді.

b705b42427148c2105fa80314da91e64

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ұлбосын 30 жаста болса, жары 34-ке толды.

“Біз 2002 жылы ауруханада таныстық. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультетінің бірінші курсында оқитынмын. Ал Ғалбият Қытайдан келіп, дайындық курсында білім алып жүрген болатын. Біз төрт жылдай қол ұстасып жүріп, бір-бірімізді жақынырақ танып білдік. Сосын шаңырақ көтеруге шешім қабылдадық”, – дейді Ұлбосын.

59d6569a73db44702a135cd7e9c72fc7

2010 жылы жас отбасы "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жолдама алып, Түлкібас ауданына жол тартады. Мемлекеттен берілген несиеге “Жанкент” шағын ауданынан үй сатып алады. Жастар ауыл адамдарына бауыр басып, жұмысқа араласып кетеді.

пппп

“Тұңғышым өмірге келгенде кіндігін өзім кестім. Аружан деп азан шақырып, ат қойдым. Жасы онда. Оқу озаты. Қазір анасының қолғанаты. Одан кейін дүниеге егізім, Қымбат пен Сымбат келді. Екеуі биыл бірінші сыныптың табалдырығын аттады. Бір жылдан соң жұбайым тағы егіз қызды дүниеге әкелді. Оларға Ұлжан, Ұлпан деген есім бердік. Қазір екеуі 5 жасқа аяқ басты. 2013 жылы Ақарыс атты ұлым өмір есігін ашты. Ал, былтыр 6 шілде Астана және Елбасымыздың туған күнінде жұбайым маған Бекарыс пен Жанарыс есімді тағы егіз батыр сыйлады. Перзенттерімнің есімдерін өзім қойдым”, – дейді абзал әке.

5cf2f00a254bca4b478ddf536db46770

Бүгінде бала бағу оңай емес. Бір емес, сегіз бала. Олардың тамағы, киімі, күтімі қаншама шығынды талап етеді. Бірақ, жас отбасы адал еңбекпен нан тауып, ұл-қыздарын қатардан қалдырмауды мақсат тұтқан.

“Білімді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін саналы, салихалы ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз”, – дейді ол.

“Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады” дейді. Сол сияқты әр бала өз несібесімен дүниеге келеді. Жұмыстан шаршап келгенде олардың тәтті қылықтары барлығын ұмыттырып жібереді. Біз, тіпті, егіздердің күтіміне өзгеден көмек те сұрамадық. Бір күн жұмыс істеп, екі күн демалатын болғандықтан айтарлықтай қиындық тудырмады. Жұмысқа кезегімен шығамыз. Бүгінде үшеуі мектепке, ал қалғандары балабақшаға барады”, – дейді Ұлбосын.

21376501c8d9d21efe351ca1531e4343

Жары Ғалым “Жедел жәрдемнің” дәрігері болумен қатар, “Алатау” медицина орталығында қосымша қызмет атқарады. Сондай-ақ, “Дета Элис” атты жеке емханада қытай медицинасы негізінде тұрғындарды емдейді. Оның бар арман-тілегі – Қытайдың, Тарбағатай өңірінде тұратын ата-ана, бауырларын жанына көшіріп әкелу.

95bead4a7ff4133441774c4b26b620f7

“Ата-анам мал шаруашылығымен айналысып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жерге, отанымызға көшіріп алып келгім келеді”, – дейді Ғалбият.

 

Талқылау