Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

ОҚО әкімдігі облсытың 3 миллионыншы тұрғынына сыйға пәтер береді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың есеп беру кездесуінде тұрғындардың бірі, көп балалы ана Гүлжан Жолбарыс Қазақстанның өзге өңірлерінде дүниеге келген миллионыншы балаға пәтер берілетінін айтып, облыста мұндай жағдай қашан болатынын сұрады, деп хабарлайды TVK теларнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Астанада, Алматыда дүниеге келген миллионыншы балаға пәтер береді. Облысымыздың тұрғындарының саны 3 миллионға жетіп қалды. Үш миллионыншы тұрғынға не сыйлайсыз?» – деп сұрады көп балалы ана Гүлжан Жолбарысқызы.

«Республика бойынша біздің өңірде халық көп шоғырланған. Біз облыста 3 миллионыншы баланы дүниеге алып келген анаға пәтер сыйлауға дайынбыз», – дейді Жансейіт Түймебаев.

Айта кетсек, статистика жөніндегі департамен мәліметі бойынша, ОҚО облысында тұрғындар саны 2 миллион 928 мыңға жеткен. Жыл сайын өңірде шамамен 75 мың сәби дүниеге келетінін ескерсек, 3 миллионыншы тұрғын биылғы жылдың соңында дүниеге келуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Атырауда әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алмақ болған ер адам шоу ұйымдастырды (видео)

Талқылау