Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойында атыс болып екі адам жараланды

ОҚО-да тойда атыс болып, екі адам жараланды.

vystrel

Оқиға Саурам ауданының Ақсукент елді мекенінде болды. Той кезінде бір тпо жігіт қонақтардың назарын өздеріне аудару үшін әуеге оқ атады. Оқтан ек адам жараұат алып, емханаға түседі. Оқ “Бентли” көлігіне тиіп одан шашыраған бытыра екі әйелге тиген, деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Осы іске қатысты 1992, 1993 және 1996 жылы туған жігіттер күдікті ретінде ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған. Олардың бірінің үйінен аңшылық мылтық, екі травматикалық тапанша мен калибрлі оқ табылды. Екінші күдіктіден де калибрлі аңшылық шолақ мылтығы және гильза тәркілеген.

Қазіргі таңда «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптары бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз:

Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды

Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Адасып қалған студент қыз орманда бір ай бойы саңырауқұлақ пен жидек жеп күн көрген (фото)

20 мың доллар пара берді деп айыпталған шенеунік жаңа қызметінде 3 күн ғана отырған

Талқылау