Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Онсыз да жоспарлы пәндер мен қосымша үйірмелерден үлгермейтін оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ. «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні әзірге тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады.

212

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір қызығы облыс прокурорлары ұсынған пән алдымен екі бірдей мектепте, кейін жеті оқу орындарында енгізілмек.

“Біз осы курсты енгізер алдында сол сабақтардың барлығын зерттеп шықтық, сол сабақтардың тақырыптарын анықтап шықтық. Біздің өзіміздің анықтағанымыз өзін-өзі тану сабағын алатын болсақ, осы Қазақстан халқының салт-дәстүрлері тек қана 98 сағат көлемінде ғана беріледі екен”, – Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының жетекшісіАйжан Сыдвқовна.

Бүгін ғана тұсауы кесілген жаңа пән бесінші сынып оқушыларына екі аптада бір сағаттан оқытылады екен. Жылдың соңына қарай балалар пән бойынша емтихан тапсырады. Егер көрсеткіш жақсы болса, онда осы пән өзге облыс мектептерінде де жүргізіледі. Ақша жағын Шығыс Қазақстан өңірінің әкімдігі өз мойнына алыпты. Ал білім беру бағдарламасына жаңа пән енгізуді облыстық прокуратура қолға алған. Құзырлы орган өкілдері пилоттық жоба негізгі пәндерге кедергі келтірмейді дейді. Бұдан былай мектептерде қандай пән оқытылау керектігін Білім және Ғылым министрлігі емес, прокурорлар шешетін сияқты.

“Бүгін осы Шығыс Қазақстан облысындағы №43 мектепте тәрбие сағаты ретінде алғаш өткізген болатынбыз. Алдағы уақытта бұл пән Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан, Глубокое және Өскемен, Семей қалалары өткізілетін болады”, – дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Айдос Тұрсынов.

Жіберіп алмаңыз:

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Талқылау