Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Онсыз да белден төмен әңгіме қаптап жүр": Ерке Есмахан қалай босанғанын сұраған оқырманына ұрсып тастады

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандары арасында сұрақ-жауап жасап, кейбір сұрақтарға жауап берді. Алайда әншіге ұнамаған сұрақтар да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші жақында екінші рет ана атанып, ұлды болды.

“Босану бөлмесіне 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рилс салып, одан кейін босанғандағы сезім туралы жазба жариялап отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуы тиіс дүниелер бар мен үшін. Сондықтан жүрекжарды сыр ашуды менен күтпеңіздер. Ең дұрысы босануды менен сұрағанша, сол сезімді сезіну бұйырсын! Жұғысты болсын. “Жыртылды” ма деген сұрақ та қоймаңыздар. Онсыз да белден төмен әңгіме қаптап жүр !” – деп жазды әнші босану туралы сұраған оқырманына. 

Айтуынша, 39-аптада, түнгі сағат 03:47-де босанған. Әнші жүктілік кезінде қосқан артық салмақтан арылуды бастап кеткен.

“Перзентханаға 72 келі болып бардым. Босанғаннан кейін, 61 келіге түстім. Арқа мен қол, аяқ пен буындарыма массаж алып бастадым. Денеде ісік те қалмауы керек екен. Дәрігерлер рұқсат берді. Ішке ғана тиіспеймін. Шілде тер шығарудамын. Қалжаланып, сорпаланып жатырмын. Мақсатым – 53 келіме оралу. Емізіп жүргесін әрі бөпемді де уайымдап, барлық тамақты жеп жатырмын. Көп дәрумен ішіп жатырмын”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі сәбиінің бөлмесіне рум-тур жасамайтынын да айтты. 

“Бөпеде бөлме жоқ. Бір қабырға аюы мен төсегі ғана бар. Басқа ештеңе алмадық. Қызығып ала бергесін, кейін пайдаға аспай қалады. Одан кейін орын да алады. Онсыз да “үйің шаң” деп жазып жатырсыздар. Үйді де өзім тазалаймын. “Қонжықтар шаң жинайды, бекер жасадыңдар” деп те жазбаңыздар. Шаңның арасында отырған жоқпыз. Ислам жігіт болып өскенде Мүсілімнің қасына жатады. Әзірге өз бөлмемізде болады. 62 тамырымды идіріп, өзім еміземін. Қосымша сүт ішпейді”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Талқылау