Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онлайн тойдан табыс тапқан Сәкен Майғазиевтің қанша теңге салық төлейтіні белгілі болды

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Қаржы министрі Мәди Такиев әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тілші министрден "Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы тікелей трансляцияда көрсетілді. Мұндай жағдайда салықтық міндеттемелер туындайтыны белгілі. Дәл осы кейс бойынша салық төлеу қалай реттеледі? Қанша салық төлеуге тиіс?" деп сұрады.

"2025 жыл аяқталған соң, 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсыруы қажет. 2025 жылы алынған кірістері бойынша салық төленеді. Ол кісінің 2025 жылы нақты қанша табатынын білмеймін", – деді ведомство басшысы мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойындағы ақылы трансляциядан 12 миллион теңгеге жуық табыс тапқаны белгілі болды.



Еске салайық, өнер иесінің тойын 8 мыңға жуық адам онлайн тамашалаған. 

Өнер иесі тойға арнайы платформа арқылы онлайн қатысуды да қарастырған еді. Тіркелу құны 1380 теңге болған.

Ұйымдастырушылар Telegram-ботты іске қосып, төлем жасағандарды жабық арнаға қосып, салтанатты шараны онлайн тамашалауға мүмкіндік берді.

Жабық арнаға 8743 адам жазылды. Нәтижесінде жазылымдардан жиналған жалпы сома 12 миллион 65 мың 340 теңге болды.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 16:51
Талқылау