"Онкологиялық ауру тудырады": Қоғам белсенділері мен мамандар вейптерді сатуға тыйым салуды талап етті
Дәрігерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бүгін вейп индустриясына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сюжеттен скриншот
Қазіргі таңда үш жүз мыңнан астам қазақстандық тыныс алу органдарының ауруларымен есепте тұр. Динамика өсуде. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева вейптің кесірінен жасөспірімдер арасында тыныс алу органдарының ауруы артқанын айтты.
Қазақстандық ата-аналар одағындағы Қарағанды өңірлік өкілдігінің басшысы Анастасия Машнинаның айтуынша, кейбір балаларға вейптерді ата-аналардың өздері береді.
"Жағдай өте қиын! Бастапқы буыннан бастап балалар да бұл қауіптің алдында тұр. Олар электронды темекіні сатып алып, шегеді, тіпті мектепке тапсырыс беретін жоғары сынып оқушылары бар", – деді ол.
Қазақстандағы әрбір оныншы бала 15 жасында вейп немесе электронды темекіні қолданып көрген.
"Бурабайдағы сауықтыру лагерінің директоры вейп құтыларын көрсетті. Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушылары тұтынып, лақтырып тастапты. Мұны тек бір қоқыс жәшігінен жинап шыққан. Химиялық құрамын тексере бастағанда, нкологияға әкелетін, канцерогенді препараттар екені белгілі болды!", – дейді ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма төрағасының орынбасары, медициналық ғылымдарының докторы Абай Байгенжин.
"Кәдімгі темекі мен вейптердің ешқандай айырмашылығы жоқ. Темекі түтініне ұқсас формальдегидтің әсері байқалды. Зерттеу осы өнімнің жоғары уыттылығын көрсетеді", – деді Сәрсенбаева.
Қазақстан қоғам қайраткерлері, дәрігерлер мен қазақстандық конфессиялардың өкілдер мәселені талқылап, тыйым салуды талап етті. Депутаттар да осындай ұсынысты бастады.
"Вейптерді сатуға тыйым салу керек. Темекіден басқа дүкендерде вейп сатылмағаны жөн”, – деді Байгенжин.
"Бәріне толықтай тыйым салу мүмкін емес. Вейп сату ережелері бойынша мемлекет комиссия құруы керек еді", – деді блогер, қоғам қайраткері Тәңірберген Бердонғар.
Қазір таңда вейп темекі өнімі емес, төмен вольтты жабдық ретінде әкелінеді. 2019 жылы 20 мың вейп әкелінсе, қазір 3 миллионға жетті. Дәрігерлер бұл саланы қазір тоқтатпасақ, 10 жылдан кейін Қазақстанда науқастар ағыны болатынына сенімді.
Әлемнің 33 елі вейпке тыйым салды.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
