Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онколог күнбағыс майының зияны туралы айтты

Тазартылған күнбағыс майы денсаулыққа қауіпті және қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Бұл туралы хирург-онколог Иван Карасев өзінің Инстаграмында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл өнім тазарту кезінде бензин мен гексан сияқты химиялық заттармен өңделеді. Сонымен қатар, қуыру кезінде майдың құрамы толығымен өзгереді, канцерогенді заттардың түзілуі жүреді. Пісіру кезінде олар тағамға сіңіп, адам ағзасына күн сайын енеді.

Тазартылған күнбағыс майы құрамында көп мөлшерде транс майлары бар, олар организмде жиналып, түрлі аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін.

Дәрігер оның отбасы бұрыннан осындай майдан бас тартып, оны зәйтүн майымен алмастырғанын атап өтті. Онда аурудың ерте сатысында рак клеткаларының пайда болуына жол бермейтін көптеген антиоксиданттар бар.

Бұған дейін Иван Карасев диагноз қою қиын деп саналатын ішек қатерлі ісігінің белгілерін тізімге алған. Олардың ішінде жүрек айнуы, құсу, ентігу, іш қату немесе диарея, нәжістегі қан, киндік ауырсынуы бар.

Талқылау