Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онколог ерлі-зайыптылардың бір мезгілде қатерлі ісік ауруына шалдығу себебін түсіндірді

Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының президенті, Н.Н. Блохин атындағы Ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу онкология орталығының клиникалық эпидемиология бөлімінің меңгерушісі, профессор Давид Заридзе ерлі-зайыптылардың бір мезгілде қатерлі ісік ауруына шалдығуын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Профессор Заридзе тұқым қуалаушылық онкологиялық аурулардың дамуына әсер ететін негізгі фактор екенін айтады. Дегенмен отбасындағы бірдей өмір салты да қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғатын көрінеді. 

Сарапшы ерлі-зайыптылардың бір мезгілде немесе аз уақыт айырмашылығымен қатерлі ісік ауруымен ауыратын жағдайлары сирек емес екенін атап өтті.

"Мұндай жағдайларды түсіндіру оңай. Бір отбасындағы генетикалық жағынан бір-біріне ұқсамайтын адамдар бірдей өмір салтын ұстанады. Олар бірдей тамақтанады, өсімдіктерден гөрі жануарлардан алынатын тағамдарды тұтынады, белгілі бір күн тәртібін ұстанады, аз қозғалады, темекі шегіп, алкоголь ішеді. Сондықтан қатерлі ісіктің бір мезгілде немесе қысқа аралықпен дамуы табиғи нәрсе”, – дейді Давид Заридзе. 

Профессор өмір салты генетикалық факторларға қарағанда айтарлықтай рөл ойнайтынын жеткізді. Сөзінше, қатерлі ісік ауруларының 5-10%-ына генетика себеп болса, онкологиялық аурулардың пайда болуының 80-85%-ы салауатты өмір салтын ұстанбау мен қоршаған орта жағдайларына байланысты. 

Давид Заридзе өмір салтына адамның не жейтіні, қалай ұйықтайтыны, қалай қозғалатыны және демалатыны ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның әсері (ауаның ластануы, күн сәулесінің әсер етуі де кіретінін сөз етті. 

 

Талқылау