Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оныншы сыныптарды үрейде ұстайды: Алматы облысында мектеп оқушысы қатарласын ұрып тастаған

Алматы облысындағы Қарғалы ауылында оныншы сынып оқушысын қатарласы мектеп дәретханасында ұрып тастаған. Анасының сөзінше, ұлына басқа сынып оқушысы шабуылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

ұрып тастаған

Оқушы қарсыласын басынан, арқасынан және бетінен ұрған. Салдарынан жасөспірім жабық бас-ми және кеуде қуысының жарақатын алған. Әйелдің сөзінше, ұлы жай ғана амандаспай кеткені үшін соққыға жығылған. 

"Ол ұлыма "Келесі жолы амандаспасаң, өлтіремін. Бүгін-ақ өлтіретін едім, адам көп, сондықтан бұлай істей алмадым" деген. Бала спортпен шұғылданады. Біздің сыныптың ата-аналары өз балалары үшін қорқады, себебі оныншы сыныптардың барлығын үрейде ұстайды. Тіпті ақша да жинаған", – деді зардап шеккен баланың анасы Инара. 

Қазір бұл деректі полицейлер тексеріп жатыр. 

Талқылау