"Оның еш зияны жоқ": Әйел екі жасар қызын аңдарды өлтіруге үйретіп жүр

Американың Огайо штатының тұрғыны екі жасар қызын аңдарды атып өлтіруге үйретіп жүр.

Бека Гаррис баласын арқасына байлап алып, аң аулайды. Қызының көзінше аңдарды атып өлтіреді. Аңдардың етін жеуге алып, терісі мен қауырсынын сәндік үшін қолданады. Бас сүйегі мен сүйектерін ағартады. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды. Инстаграмда 100 мыңға жуық қолданушысы бар.

Көптеген Инстаграм қолданушылары Гаррис кішкентай қыздың көз алдында жануарларды өлтіреді деп таңғалды.

Ал, Гаррис мұны қалыпты дүние деп санайды, өйткені «біздің ата-бабаларымыз дәл осылай жасаған. Әкесі де өзін бала кезінен бастап аң аулауға үйретіпті.

Әйелдің айтуынша, мұндай тәрбие балаларға тек пайда әкеледі.

«Мен балама тамақтың орман мен бақтар, су жолдары арқылы келетінін үйреткенім үшін кешірім сұрамаймын», - дейді ол.

2019 жылы Оңтүстік Каролина тұрғыны өзінің тоғыз жасар ұлын қоян аулап жүргенде абайсызда атып тастады деп хабарланған. Бала шетінеп кетті, бірақ ер адам қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр