Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның бәрі өсек": Роза Рымбаева жаңа келіні мен үлкен той мәселесін айтты

Оқапов көпшілікке ғашық екенін білдірмегенімен анасына сүйіктісі барын жасырмай айтқан. Қос әнші отау құратынын өткен көктемде жариялаған екен. Роза Қуанышқызы сол сәттен той қамына кірісті. 

той

Бұл туралы Paparazzi бағдарламасында айтылды.

"Маған Әли Ақерке жайлы екі жыл бұрын айтты. Осы көктемде үйленеміз деп шешті. Сол сәттен бастап той қамына кірістік. Құдалармен таныстық, білістік. Шағын ұзату тойын өткізіп, келінімізді алып келдік. Құдалық той жасадым. Үлкен той жасамадым. Көпшіліктің айтып жүргені жай ғана өсек. Той әлі болған жоқ. Үлкен той жасағымыз келеді. Бірақ карантин аяқталсын. Заңды рұқсат берілсін. Сол кезде жасармыз", - деді Роза Қуанышқызы. 

Құдалық демекші, халық әртісі батыс өңірімен құдаласты. Салт-дәстүрге сай, келіннің құлағына сырға салып, ұлының ақ құсын қолына қондырды. 

"Барлық сал-дәстүрді, оның ішінде батыстың өзінің салт-дәстүрі бар. Соның бәрін сыйлап, құрметтеп барып қайттық", - деді халық әртісі.



Жұлдызды келіннің қалың малы да қымбат болар. Сонымен ана сүті, әке күші, қалыңдықтың кәдесі қанша болды?

"Оны көпшілікке жария етіп, елдің ызасын келтіріп, жария етіп қайтемін? Жария болмай-ақ қойсын",  деп бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. 

Бұған дейін халық әртісі Әли мен Ақеркенің бөлек тұратынын айтып қалған еді. Бір аулада көрші тұрғанымызбен, бөлек үйде тұрамыз деді Роза Рымбаева.

Ал желі қолданушылары болжап жүргендей Ақерке мен Әли отау құрып, шаңырақ көтерді. Арада сезім емес, тек әріптестік қатынас деп ақталған қос өнер иесі бүгінде жас жұбайлар қатарында.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева карантин талабына сәйкес, үлкен тойды жасамайтынын алға тартқан еді. Той карантин толық аяқталғанда өтеді деп ескертті. Ақеркенің ұзату тойы Атырау қаласында өтті. Бұл той полиция назарына ілігіп, той ұйымдастырушылары жауапқа тартылды.

Талқылау