"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты
Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғышы, танымал отандық әнші Әли Оқапов әкесіне деген сағынышын айтты. Одан бөлек, Әли өкініштің де барын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Juldyzdan Jaryq" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Әкем қайтқанда мен 9-да болғанмын. 9 жас деген не? Екіншіден, осындай кешке мен енді жетіп жатсам, ол жете алмады, ол көре алмады өзінің ұлының қай деңгейге жеткенін, толық концерт жинағанын, әнші болғанын. Сол жетістіктерімді көрмей қалғанына өкініш бар. Шынымен, уақыт ешкімді аямайды екен", - деді Әли.
Ол, сондай-ақ, анасының қартайып бара жатқандығын және соны байқаудың өзі қиын екенін атап өтті. Әли әкесіз өскеннің қиын болғанын, әйелдердің ортасында ер жеткенін де жасырмады.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
