Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың тойын ұйымдастырушылар жауапқа тартылатын болды

Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбайға құда түсіп, ұзатып алды. Кішігірім той өткенімен басқосу полиция назарына ілікті. Бұған карантин талаптарын ескермеуі себеп болды.

Карантин талабына сәйкес, ауқымды жиындар мен -той-томалақтар өткізуге тыйым салынады. Бұған дейін құдағи атанған халық әртісі Роза Рымбаева ұзату тойдың аз ғана адам арасында аталып өткенін айтқан еді. 

"5 адам ғана құда болып бардық, сырға тағып құда түстік. Той шағын адамдар арасында өтті", - деген еді бір сұхбатында. 

Алайда  желіде тойдың видео мен фото суреттері көптеп тарады. Ұзату той полиция назарына ілігіп, той ұйымдастырушылар жауапқа тартылды. Оларға 41 мың теңге айыппұл төледі. 

"19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды", - деп жазылған ақпаратта.



Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева карантин талабына сәйкес, үлкен тойды жасамайтынын алға тартқан еді. Той карантин толық аяқталғанда өтеді деп ескертті. Ақеркенің ұзату тойы Атырау қаласында өтті. 

Карантин кезінде дүркіретіп той жасаған Төреғали Төреәлінің отбасы да полиция назарына іліккен еді.

"Кеше Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырушыларды анықтады. Барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіндегі санитарлық инспекторларға берілді. Олардың құзыретіне сәйкес олар хаттама жасауға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау