"Оны қылмыс жасауға әлдекімдер итермеледі": Алматыда атыс шығарған азаматтың көршілері оқиға жайлы айтты
Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматтың көршілері оқиға жайлы айтып берді. Сөздерінше, тұрғынды қылмыс жасауға белгілі жағдайлар итермелеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Сабырлы, байсалды адамның ондайға баруы мүмкін емес еді. Оны қылмыс жасауға әлдекімдер итермеледі. Әрқашан түрлі дүниелер, жағдайлар, адамдар осындай жағдайдың орын алуына себеп болады”, – дейді көршісі Рахметолла Амуратов.
Кейбір деректерге сүйенсек, арты өліммен аяқталған атыстың шығуына отбасын үйден күштеп шығару себеп болуы мүмкін. Адамдарға оқ атқан азамат 54 жаста. Ол 5 адамды аңшы мылтығымен сұлатып салған. Көз жұмғандардың арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі қарапайым азамат бар.
Полиция күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді