"Әйелімде ғана көлік бар": Өнеркәсіп министрлігі қандай көлікпен жүретінін айтты

Фото: gov.kz
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев шенеуніктер өздеріне берілетін қызметтік көлікті таңдай алмайтынын жеткізді. Айтуынша, өзі қызметте Kia K9 автокөлігін қолданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік отырысынан кейінгі брифингте журналистер министрдің өзі баяндаған Қазақстанда жиналатын қытай көліктері министрлікте қаншалықты қолданылып жатқанын сұрады.
"Менде жеке көлік жоқ. Тек әйелімнің машинасы бар", – деді Нағаспаев.
Сондай-ақ ол қызметтік көлік жағдайын нақтылады:
"Министрлікте автомобильді президент ісі басқармасы береді. Маған жеке көлік бекітілмеген, қызметтік "Киа" ғана берілді, сол бір ғана машинаны қолданамын", – деп түсіндірді министр.
Журналистер неге министрлік Chery, Changan, Haval немесе Tank сияқты қазақстандық зауыттарда жасалған көліктерді сатып алмайтынын сұрады.
"Бұл сұрақ Істер басқармасына жолдануы керек. Елде өндірілген көліктер әрдайым бірінші кезекте қолдау табады. Kia да Қазақстанда жиналады. Біз өзіміз көлік сатып алмаймыз, мемлекеттік қызметкерлерге берілгенін қолданамыз. Егер қытай көліктері берілсе, Қазақстанда жиналған қытай көліктерін қолданамыз", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Елманов бұрын Қазақстанда тек бір қытай жеңіл көлігі – JAC шығарылса, қазір көбейгенін алға тартты. Айтуынша биыл Алматыда Chery, Changan және Haval өндіретін мультибренд зауыты іске қосылған. Алайда бұл көліктер әлі шенеуніктердің қолданысына берілмеген.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді