Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өнердің ортасынан емес": Жанна Орынбасарова өмірлік серігін кездестіргенін мәлімдеді

Өнер жұлдызы Жанна Орынбасарова жеке өмірі мен басынан өткен қиындықтары туралы ашып айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

©instagram.com/zhannaorynbassarova

Жастай күйеуінен айырылған әнші қиындықтардың мәнезін еш өзгерте алмағанын айтады.

“Құдайға шүкір, ешкімнің ала-жібін аттамай, өз жолыммен келе жатырмын деп ойлаймын. Бірақ өткерген қиындығым мені қатал мінезді әйел қыла алмады. "Сүтпен кірген мінез сүйекпен өтеді" деген рас па деймін. Алайда, өзіме қатаң талап қоюды үйрендім. Сыртқа жұмсақ болып көрінгеніммен, ішкі менім күшті. Бұл жетістікке жетем деген адамға қажет мінез деп санаймын”, – дейді Жанна Орынбасарова. 

Әнші жеке өміріңдегі жақсы жаңалықты да жасырып қалмады.

“Бір кездері өзіне сенімді азамат болса, тұрмысқа шығудан тартынбаймын дегенді айтып едіңіз. Ондай жанды жолықтырдыңыз ба?” деген сауалға өнер иесі: “Иә, бағыма орай жанымды түсінетін жанды жолықтырдым. Бірақ, өнердің ортасынан емес. Бастысы, қолымнан қақпай, өнер жолында қолдау білдіріп отырады”, – деп жауап берді.

Еске саламыз, Жанна Орынбасарованың күйеуі үйленгеннен кейін 5 жыл өткен соң жол апатынан қаза тапқан болатын. Әншінің заңгер мамандығын бітірген қызы бар.

Талқылау