“Өнер қырандары” қуанышты хабарымен бөлісті
“Өнер қырандары” әзіл ысқақ театрында өнер көрсетіп жүрген Сырымбет Бибосыновтың отбасы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Шаңырықтарында атқамінер дүниеге келді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
23 ақпан күні комедия жанрындағы рөлдерді сомдайтын актерге жұбайы ұл сыйлады. Актерді құттықтау үшін тек туған-туысқандары ғана емес, өнерде қатар жүрген достары да келді.
Сырымбет Бибосынов жары Әсима мен баласын перзентханадан шығарып, үйіне әкелді. Әзірге балаға қандай есім қойғандары белгісіз.
Талқылау