Елордадағы "Forte Kulanshi Art Space" галереясында 15 мемлекет суретшілерінің туындылары қойылған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан қаласында «ForteBank» АҚ және «Kulanshi» заманауи өнер орталығының ұйымдастыруымен Еуразия континенті суретшілерінің авторлық туындылары қойылған «Өнер континенті» атты сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінгі «ForteBank Kulanshi Art Space» көрмесінің ашылуына келгендеріңізге қуаныштымын. Көрме «Өнер контитенті» деп аталады. Көрмеге қазақстандық және шетелдік суретшілердің 22 авторлық туындысы қойылды. Көрме банк акционері Болат Өтемұратовтың бастамасымен 2016 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Алғаш көрме шетелден 30 қазақстандық суретшінің картинасын осында алып келуден басталды. Яғни туындыларды отаны Қазақстанға қайтарды. Бүгінгі көрмеде солардың бір бөлігін көре аласыздар Көрме өте сапалы, сондықтанда елорда тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалауға шақырамын», - деді ForteBank АҚ-ның басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили көрменің ашылу салтанатында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қойылған туындыларды жинақтау мен оны елімізге жеткізуге 2 ай уақыт жұмсалған.
«Бұл көрме Еуразия аумағын қамтиды сондықтан да «Өнер континенті» деп аталады. Көрмеде 15 мемлекеттен 22 суретшінің 90 авторлық еңбегі қойылған. Осында қойылған ең көне туынды 1510 жылы жасалынған, содан бері қарай күні бүгінге дейінгі картиналар орын алған. Бүкіл Еуразияның сурет өнері десекте болады, оның үстіне білесіздер Қазақстан Еуразияның жүрегі болып табылады. Сол арқылы біздің тарихымыздың тереңдігін, мәдениетіміз бен өнеріміздің қаншалықты бай екенін көре аламыз. Еурпалық туындыларды Қазақстанға жеткізуге 2 жылға жуық уақыт алды. Атап айтқанда, Альбрехт Дюрер, Пабло Пикассо, Рембрандт және Рене Магриттің еңбектерін жеткізу 2 жылға жуық уақыт алды. Өйткені құнды еңбекті жеткізу өте жауапты процесс. Әрине одан бөлек бұл жерде Еуропаның қазіргі заманғы суретшілерінің де картиналары қойылған. Сол сияқты отандық суретшілердің туындылары орын алған», - көрме кураторы, доктор Лейла Махат.
Оның айтуынша, өнер сүйгіш қауымның көрмені онлайн түрде тамашалау да мүмкіндігі бар. Ол үшін «Kulanshi» тікелей эфир ұйымдастырады, сол сияқты заманауи өнер орталығының YouTube каналында арнайы видео репортаж арқылы көрмемен таныса алады.
Көрмеге келушілер ұйымдастырушыларға алдын ала хабарласып тіркелуі тиіс жән оны тамашалаушыларға гид қызметі ұсынылады. Гид бірнеше тілде яғни көрермен қалаған тілде айтып береді.
«Мен осы көрменің бір бөлігі болғаныма және менің туындымның Пикассо, Рембрандт секілді суретшілердің еңбегімен бірге көрмеге қойылғанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Мен өзім Молдова елінің атынан қатысып отырмын, бірақ менің көрмеге қойылған суреттерім осы Қазақстанда салынды, себебі қазіргі уақытта мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатырмын. Бүгінгі көрмеге менің 30 авторлық картинам қойылып отыр. Еңбектерімнің стилі молдовиялық, қазақи және түркілікке тән», - дейді молдавиялық суретші Наталья Карагоз.
Сондай-ақ, ерекше айтып өтетін сайт көрмеге келушілер карантиндік санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс (маска тағу және арақашықтықты сақтау).
Нұр-Сұлтан қаласында ашылған «Өнер контитенті» көрме жұмыстарын Достық көшесі 8/1 мекенжайында орналасқан «ForteBank Kulanshi Art Space» кеңістігінен көруге болады. Көрме экскурсиясының кестесі сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 17:00-18:00 аралығы және сенбі күні сағат 15:00-16:00 аралығында мамыр айынының соңына дейін жұмыс істейді. Көрме тегін. Байланыс телефондары +7 (7172) 744-709, +7 702 510 57 20.
Көрме жайлы толық ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
