Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің туған күніне орай дүркіретіп той жасады. Кеш барысында той төрінен табылған өнер әлемінің майталмандары Қайрат Нұртастың анасына қымбат сыйлықтарын тартулады. Бұл туралы тойдың куәсі болған Stan.kz тілшісі хабарлайды.
Динара Қырықбаеваның әкесі Қырықбаев Гүлзира Айдарбекованың туған күніне 270 мың теңге тұратын Iphone-7 телефонын сыйға тартты.
Ал Мақпал Жүнісова ең қымбат бренд саналатын қолтырауын терісінен жасалған сөмке сыйлады. Іші толған ақша болсын деп қосты.
Туған күнге Ескендір Хасанғалиев пен Дарико Хасанғалиева үлкен жылқы суреттелген қабырғаға ілетін картина берді.
Гүлмира Ақүрпекова да елден қалыспай бір тайдың құнын арқалап келдім дейді. Қалған шоу бизнес жұлдыздары сыйлықтарын жасырын деп, ақ конвертке орап беріп жатты.
Гүлзира Айдарбекованың туған-туыстарының бірі гауһар тасты білезік берді. Ал, Нұртас Айдарбеков 200 адамның басын қосқан той іспеттес туған күнді бірігіп жасап құтылыпты.
Феномен ұлы «анамда бәрі бар, көлік те, үй де сыйладым, енді иманымызды шақырып, Меккеге апару арманым» дейді. Хитмен әнші ол жоспарын келер жылға қалдырып отыр.
Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)
Ренат Басит фильмге сын айтқан атақты жазушыны танымай ұятқа қалды
Әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырады
Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған тойы қалай өтті? (фото, видео)