"Әрқашан өндірушілермен бірге": Bank RBK Шығыс Қазақстанда сүт өндірісін іске қосқан зауытты қолдады

Жергілікті өндірушілерді қолдау – бизнесті дамытуға ғана емес, аймақтардың болашағына да тұрақты үлес қосады. Шығыс Қазақстан – таза суымен, жасыл жайылымдарымен және жерге қамқорлықпен қарайтын мекен ретінде еліміздегі ең экологиялық таза аймақтардың бірі болып саналады. Дәл осы жерде, Шемонаиха қаласында Bank RBK қолдауымен "Сивер плюс" ЖШС компаниясының заманауи сүт өндірісі іске қосылды.
"Bank RBK үшін отандық бизнесті қолдау – ең алдымен өз ісін сүйетін және туған өлкесінің дамуына атсалысқысы келетін адамдармен жұмыс істеу. Біз “Сивер плюс” ЖШС командасын маңызды кезеңде, өз сүт өндірісін іске қосқан сәтте қолдай алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Тағам өнімдерін жасау сияқты жобалар, әсіресе, балаларға арналған қнімдерді жасау тәжірибе, жауапкершілік пен өз ісіне сенімнен туады. Біз серіктесімізден осы әлеуетті көріп, бүгінде сенімді дамып келе жатқан бастаманы қуана қолдадық", – деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
Он жылдан астам уақыт бойы "Сивер плюс" компаниясы азық-түлік өнімдерін жеткізу саласында жұмыс істеп, негізгі назарын сүт өнімдеріне аударған. Уақыт өте келе жиналған тәжірибе мен нарықты терең түсіну команданы логикалық, бірақ оңай емес шешімге жетеледі. Олар ауыл шаруашылығы дамыған және экологиялық жағынан қолайлы өңірде өз өндірісін ашуға бел буды. Ал ол үшін негізгі кезеңдердің бірі – Bank RBK-ке жүгіну болды.
"Өз өндірісімізді ашу идеясы бізде көптен бері болған. Бірақ оны жүзеге асыру жолы оңай болмады. Жоба елеулі инвестицияны талап етті және біз оған қолдауды көп жерден ала алмадық. Көптеген банктерден бас тартты. Ал Bank RBK біздің арманымызға назар салып, оған сеніп, болашағын көрді және түсінікті әрі икемді қаржыландыру шарттарын ұсынды. Қаржы институтының орталық және өңірлік басшылығына кәсіби шеберлігі мен жанашырлығы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Айрықша атап өту керек, банктің командасының жұмысының жылдамдығы мен сапасы керемет. Барлық процестер нақты және тез ұйымдастырылды. Бұл бізге қысқа мерзімде өндірісті іске қосуға және оның дамуына толықтай назар аударуға мүмкіндік берді", – деді "Сивер плюс" ЖШС директоры Андрей Белицкий.

Айта кету керек, жоба Даму қорымен бірлесіп жүзеге асырылды. Осылайша пайыздық мөлшерлемені жеңілдетіп, жоспарларды нақты іске асырып, зауытты ашуға мүмкіндік берді. Өндірістің іске қосылуы өңірдің 20 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Бұл – Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан маңызды үлес.
Бүгінде кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның ішінде ашытқыш котлдар, ірімшік жасайтын арнайы ыдыс және пастеризациялық қондырғы бар. Бұл сүтті толық технологиялық цикл бойынша өңдеуді қамтамасыз етеді. Зауыттың өндірістік қуаты – тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт. Қазіргі кезеңде тәулігіне 3,5–6 тонна сүт өңделіп, "Nastole" сауда маркасымен кефир, ірімшік, сүт және қаймақ шығарылады.

Жобаның маңызды бөлігі – сүт қабылдау пункттерін ашу, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы қожалықтарынан сүт қабылдау. Бұл жергілікті фермерлермен тұрақты кооперация құруға мүмкіндік береді және аймақтың экономикалық дамуына да оң әсер етеді.
Компанияның жоспарында өндіріс қуатын арттыру, өнім ассортиментін кеңейту, сауда маркасын миллион тұрғыны бар қалаларға шығару бар. Сонымен қатар өнімді Қазақстанның барлық аймақтарына тарату мен көрші елдерге экспортқа шығу – алға қойған мақсаттың бірі.
Bank RBK қолдауымен жүзеге асырылған жоба аймақтың табиғи мүмкіндіктерін, кәсіпкерлік бастаманы және сенімді банк серіктестігін біріктіру арқылы сапалы өнім жасауға мүмкіндік береді. Жобаның арқасында ел экономикасын жергілікті деңгейде жүйелі дамытуға болады.
Лицензия №1.2.100/245/41, 05.04.2021 ж. ҚР ҚНРДА берген.