Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оң қолың не бергенді, сол қолың көрмесін!": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған жұртқа жауап берді

Қайырымды істерде бой көрсетпеген Қайрат Нұртастың жұбайы жұртқа жақпай қалды. Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, аты жаман індетті жұқтырған жандарға қаржылай қолдау бермегені үшін оны оқырмандары айыптауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

жұлдыз

Карантин кезінде инстаграмда атаулы гив ұйымдастырып, шығармашылық жаңалығын жүктеген Қайрат Нұртастың отбасы оқырмандарына жақпай жүр. Өйткені, ғаламторда бес миллионнан астам аудиториясы қалыптасқан өнер иесінің парақшасында елдегі жайсыз жағдайларға қатысты жазба, пандемия туралы пост жоқ. Мұндай қиын сәтте бейқамдық танытқан әншінің әйеліне де интернеттегі жұрт тыныштық бермей жүрген көрінеді.

"COVID 19 індетіне қарсы халыққа қандай көмек бердіңіздер?" Бұл Әбдікәрімоваға әлеуметтік желіде жиі жолданатын сауалдардың көшін бастап тұр. Алғашқыда Жұлдыз хейтерлердің қылығына сабырлық танытқанқанымен, кейін ашуын ауқымды жазба арқылы білдірді.      

"Біз негізі қызық халықпыз. Екі күн осы туралы ойланып жүрдім. Өзіміз "Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін" деп мақалдаймыз және өзіміз "Халыққа қандай көмек бердің?" деп түртпектейміз. Бұл жазбаны direct-ке келген толассыз оқырман хатынан кейін жазып отырмын. Ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, толарсақтан саз кешкен ерлер мен ер мінезді қыздар қай кезде де табылған, Аллаға шүкір! Үкіметтен қайыр жоқ деп қол қусырып отырмай, қаншама адам іске кірісті. Осындай екі қорға өз атымнан да, отбасымның атынан да көмегімізді көрсеттік. Бірақ мұның бәрін дәл осылай жазу керек екен деп ойламадым. Жазсам да, сын мен мін тағушылар табылады. Ет-жақыннан айырылған қиын кезде бір-бірімізді ғайбаттап, етімізді тірідей жегендей болмай, етек-жеңімізді жинап, ел болуды ойлайық дегім келеді. Алла қазақ елін мына індеттен азат еткей»", - дейді Қайрат Нұртастың жұбайы.

Елімізде індетке шалдыққандардың күрт өсуіне орай тыныс алу аппараттарының тапшылығы білінуде. Бұл мәселені шешуде Айнұр Тұрсынбаева бастаған бірнеше қор тынбай тер төгіп жүр. Ал, Жұлдыздың желідегі су жаңа жазбасын оқыған айтыскер ақын, қиын кезде Айдарбековтер әулетінің қайырымдылыққа қолұшын ұшын созғанын айтты.   

"Алла көруші ғой бастысы. Нұртас ағамыздың әулетінен 2 аппарат алып жатырмыз. Бұл үлкен көмек қой", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ғана Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанның ауруханаларына 825 тыныс алу аппаратын жеткізгенін айтып сүйінші сұраған еді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр