AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Он есе көп": Қазақстандық зерттеушілер коронавирустан көз жұмғандардың статистикасы дұрыс емес екенін айтты

Былтыр коронавирустан көз жұмғандардың саны денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикадан әлдеқайда көбірек болды. Мұндай шешімге "Сандж" зерттеу орталығының мамандары келіп отыр. Олардың пікірінше, аурудан болған науқастардың өлімінің барлығы статистикаға енбей қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеу орталығының директоры, әлеуметтанушы Жанар Жандосова министрлік COVID-19-дан көз жұмғандардың санын есептегенде қателікке бой алдырды дейді. 

"Жалпы 2015-2019 жылдары елімізде шамамен 130 мың (жыл сайын) адам көз жұмған. Бұл тұрақты көрсеткіш. 2020 жылы 162 мың қазақстандық бақилық болған. Байқағанымыздай, өткен жылдармен салыстырғанда 32 мың адамға жоғары. Бұл алаңдатушылық туғызады. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі былтыр коронавирустан 3 мың науқас көз жұмды деп жариялады. Сонда олар сандарды он есе азайтып отыр. Менің ойымша, біздің елде COVID-19-дан көз жұмғандардың статистикасы қатаң бақыланады. Яғни коронавирустан өлді деп айту үшін дәрігерлер науқастың ПТР-тестінің ауруға деген оң нәтижесін көруі тиіс. Ал бізде өткен жылы коронавирустан көз жұмғандардың көбінде ПТР-тест болмады, оларға өлер алдында мұндай тексеру жасалмады", – дейді ол. 

Сөзінше, алдағы уақытта ведомство бұл статистиканы қайта қарауы мүмкін. 

"Алдағы уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шынайы статистиканы міндетті түрде талап етеді. Бұған қоса, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы жылы ақпанда көз жұмғандар санын қайта қарап, тағы екі мың адамды қосқан еді. Бұл мәселені шешуге деген оң бетбұрыстар орын алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, қазір тек ПТР-тест бойынша ғана емес, симптомдар бойынша да COVID-19 деген диагноздар қойылуда. Денсаулық сақтау министрлігі сандарға мұқият болғаны жөн. Келіп түскен статистика әбден сарапталуы керек. Бізде аналитикалық талдаулар жоқтың қасы. Статистиканы, сандарды сараптауға қаражат аяуға болмайды. Аймақтар бойынша келіп түсетін ақпарат толығымен зерделенуі қажет", – деді әлеуметтанушы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр