AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Он бес мың доллар қарыз болған қазақстандық тоғыз жыл құлдықта болған

58 жастағы алматылық тоғыз жыл бойы құлдықта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Он бес мың доллар қарыз болған қазақстандық тоғыз жыл құлдықта болған

Құлдықтан құтыла алмай, екі рет қашу кезінде ұсталып, артқа қайтарылған қазақстандық «Родник» қоғамдық қорының арқасында бүгінде көмек берер еріктілер қатарынан көрініп жүр.

2007 жылда бастау алған бұл оқиға алаяқ жандардың кесірінен азаматтың тоғыз жыл құлдықта болуына себеп болған. Сол жылы ер адамның көршілері оның анасын алдап, пәтерді сатып алды деген жалған құжатқа анасының қолын қойдырып алған. Кейін анасы қайтыс болып, ер адамды көршілері ешқандай құжатсыз, киім-кешексіз қуып шыққан. Қараша айының суық кезінде қайда барарын білмей тұрған азаматқа бейтаныс адам көмекке келіп, шаруа қожалығында жұмыс істеуге ұсыныс жасайды. «Еңбек ақың төленеді, баспанамен қамтамасыз етемін» деген жанға сеніп, келісімін берген кейіпкеріміз өзін тозаққа тоғыз жылға қамалатынын білмегенде шығар.

Шаруа қожалығының иесі ер адамның оқиғасын естіп, пәтерін қайтарып беремін деп уәде берген. Айтқанындай басында көмектесіп, барлық құжаттарын қалпына келтірген. Кейін тұтыну қоғамына арызданып, пәтерді қайтаруға қатысты сот тергеуі басталады. Сот бір жылға созылып, соңында пәтерді қайтару мүмкіндігінен айырылған. Жоғарыда аталған шаруа қожалығының иесі сот процессіне 15 000$ жұмсағанын мәлімдеп, сол ақшаны еңбекпен өтеуін талап еткен.

Солай ол мал шаруашылығында тоғыз жыл құлдықта болған. Екі рет қашуға тырысқан азаматты күшпен қайтарып отырған. Тек үшінші кезде жолы болып, қашқан күйінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына келген. Ол жерден «Родник» қоғамдық қорына жөнелтіліп, алты ай бойы адам саудасының құрбандарына арналған баспанада болды.

Қордың көмегімен барлық құжаттары қайта қалпына келтірілген. Жұмыс табуда көмек көрсетіліп, ПИК бөлімінде техник болып қызмет атқаруда. Сонымен қатар, қоғамдық қордың мәліметінше, оның тоғыз тісі сынып және олар жеңілдік көрсеткен стоматологиялық клиниканың көмегімен жөндетілген.

Ең бастысы ол өзі сияқты құрбандарға көмек көрсетуді жөн санап, еріктілер қатарына қосылған. Осы таңда адам саудасының құрбандарына арналған баспанада жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бүгін өзі бөлек пәтер жалдап, жұмыс істеуде және қоғамдық қормен бірігіп мұқтаж жандарға қол үшін созуда.

«Родник» үкіметтік емес ұйымы директоры Балабаева Нинаның айтуынша, мұндай оқиғаға тап болған жандар көп. «Олар дер кезінде өкілетті органдар мен қоғамдық қорларға өтініш білдірген жағдайда тиісті көмек көрсетіледі», – дейді қоғамдық қор директоры.

Егерде сіз адам саудасының куәгері болып жатсаңыз немесе оның құрбандарын кездестірсеңіз «Родник» қоғамдық қорына көмекке жүгіне аласыз. 87273961938 телефонына қоңырау шалсаңыз көмек алумен қатар, кеңес те беріледі.

Естеріңізге салсақ, кезекті материалымызда Қазақстанда адам саудасының құрбандары мен осал мигранттарға қалай көмек берілетіні туралы айтып өткенбіз. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр