Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Ниязбеков Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Өмірзақ Ниязбеков Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастады.

Осы жылдар ішінде ол хирург, Үшарал қаласының орталық қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, «Түрксіб» санаторийі ААҚ бас директоры, № 7 ГККП қалалық клиникалық ауруханасының хирургі, қаладағы емдеу-диагностикалық орталығы МКҚК амбулаториясында жұмыс істеді.

Алматы қаласы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы «Қарасай аудандық ДББ» РМК-да ГКП директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы, Алматы қаласындағы «Алматы облыстық онкологиялық диспансері» РМК-да ГКП медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары мәндеттерін атқарды.

2018 жылдың шілдесінен бастап - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

Бұған дейін Бауыржан Ысқақ Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр