Омыртқасын ауыстырған: Ақтауда үстіне диван құлап кетіп, сал болып қалған азаматқа ота жасалды
Ақтауға арнайы келген Ұлттық нейрохирургия орталығының елордалық мамандары мойын омыртқасының сынуы мен омыртқасы зақымданған науқасқа ота жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған 39 жастағы ер адамға ота жасалғанын мәлімдеді.
"Омыртқа толығымен имплантпен ауыстырылды. Жұлынды қысатын сүйек құрылымдары жойылды. Операциядан кейінгі науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде", - деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлер жақын арада науқасты бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізген.
- "Бұл бірінші жағдай емес": Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адаммен болған оқиғаны куәгерлер баяндады
- Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасау үшін Ақтауға барады
Еске салайық, Нұрлан Тәжібаевтің үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Ауыр соққыдан жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.
Полиция аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
