Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омыртқасы 140 градусқа қисайған: Алматыда 12 жастағы қызға күрделі ота жасалды

Алматыда дәрігерлер омыртқасы 140 градусқа қисайған балаға күрделі ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: astana.tv

Сколиоздың ауыр түріне шалдыққан науқастың омыртқасы 140 градусқа қисайған. Бұндай қимыл жүйесінің аса ауыр бұзылуы сирек кездеседі. 

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, омыртқаның қисаюы көбіне бастауыш мектеп жасында және жасөспірім кезеңінде басталады. Сколиоз-бұл омыртқаның бүйірден қисаюы. Ауру туа біткен және идиопатиялық болып бөлінеді. 12 жастағы науқас қыздың 6 жасында тірек қимыл жүйесінің бұзылуы байқалған.

“6 жыл бұрын әлемдегі барлық тәсілдерді қолдандық десек болады. Жүзу, массаж, терапия алу, белдіктер тақты қызым. Ешнәрсе көмектеспеді. Неден екенін нақты айта алмады ешкім. Омыртқа бір жағына қарай қатты қисайып, 4-ші кезеңнен 5-ке кетіп бара жатты. Балаға тек физикалық жағынан емес, өзімен жастылармен тілдесу қиын болды. Әр қимылың қиындайды. Операция сәтті өтті деп жатыр, алғысымыз шексіз. Денсаулығы жақсарып, бойы кішкене өссе екен дейміз”, – дейді анасы Татьяна Бреусова.

Күрделі операция ұлттық медицина университеті клиникасының базасында өтті. Дәрігерлердің баланың жағдайының ерекше күрделі екенін, омыртқаның қисаюы барлық өзге мүшелерге кедергі келтіріп, қауіп тудырып тұрғанын айтты. 

Ота шамамен 5 сағатқа созылады. Науқастың омыртқа сүйегіне арнайы құрылғы орнатылады.

“13 жасар қыз түскен бізге өте күрделі операция, себебі бұл қыздың омыртқасы 140 градусқа дейін айналып кеткен. Бұл омыртқаның қисайғаны балаға біріншіден жүрек аймағына әсер етеді, өкпесіне әсер етеді. Көп деп ала алмай қалу мүмкін. Сол себептен бұл отаның мақсаты тек омыртқаны жөндеу ғана емес. Баланың өзінің нәтижесін жақсарту. Өте қиын операция болған соң әр омыртқаға біз өзіміз әдейі жоспарлы жасалған винттер крючоктар қойылады. Сосын ол темірлер қойылғаннан кейін сол темірмен тарқан кезінде біздің омыртқаны жөндеуге қажет болады”, – дейді “Ақсай” балалар республикалық клиникасы ҚазҰМУ ортопедия бөлімінің меңгерушісі Исмадун Харамов.

Операциядан кейін науқастың бойы бірнеше сантиметрге өседі. Күрделілігіне байланысты әр ота бірнеше жылға созылатын кезеңдерге бөлінеді.

Талқылау