Өмірлік жарыңыз болуға лайық азаматты дұрыс танудың жолы

Ер азамат әйелді ұнатып қалса, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасауға асығады. Бұл туралы толығырақ психолог Лилия Ахремчик баяндап берді.

wedding_in_cap_cana_lubaandrey-03

Клиентім екеуіміз үйге келе жатып жалпы өмір туралы сөйлестік. Консультация болмағандықтан, құрбылардай сыр алмастық. «Осы жігіттерге өмірі жақпайсың! Олар мені әбден мезі етті! Өзіңді бағалай бастасаң, сені керек ететін жігіт әп-сәтте табылады!» дейді ол. Бұл айтылған сөздердің жаны бар…

Басы бос әйел басы бос жігітпен кездесіп жүрді делік. Әйел кішкене толып кетсе, ол мұны бірден байқайды. Оның белгілі бір стандарттары мен талаптары бар. Отбасылық өмір, ресми неке туралы айтсаң, ат тонын ала қашады.  Өздерінің әрдайым еркін жүргілері келетінін алға тартады. Алдағы демалыста не істейтінін сұрасаң, сөз естисің. Оның өткен күні туралы да сұрауға құқығың жоқ. Олар еркіндікті ғана сүйеді.

Қоңыраулар мен хаттар күтудің де қажеті жоқ. Бастапқыда аптасына бір рет хабарласады. Кейін аптасына үш рет. Әйтеуір дегенде күніне бір рет хабарласатын күнге де жетесіңдер. Кенет ол бір аптаға жоқ болып кетеді. Мұнда тұрған несі бар? Ол еркін әрі жалғыз болғанды ұнатады.

Әйел адамды осылайша төмендетіп, оның махаббатқа деген сенімін өшіреді. Мұндай қарым-қатынас бірнеше жылға созылса да, берері аз болады. Ер азамат әйел адаммен бірге болғысы келетінін түсінген кезде, оған ерекше қарым-қатынас танытады. Кейінгісі алғашқысының махаббаты мен қамқорлығына, шүбәсіз адалдығына бір секундке де күмән келтірмейтін болады.

Ол «сен менің әйелімсің», «мен сенімен бірге болғым келеді», «мен сенімен бірге тұрғым келеді», «мен сен үшін барлығын жасаймын» деген сөздерді жиі естіп, ер адамның шексіз махаббатының куәсі болады. Жұп аз уақыт ішінде «белгісіздік» деңгейінен өтіп, отбасын құруға шешім қабылдайды. Шын сүйетін азамат «бір-бірі үшін жаралғанын» көрсетеді. Осы азамат күйеуіңіз болуға лайық. Оны жолықтырған болсаңыз, мен сізді шын жүректен құттықтаймын!


Жіберіп алмаңыз:

Психолог: Қыздар болашақ жарының өз анасына ұқсағанын қалайды

Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”

Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян

Ерте ұйықтаудың 6 пайдасы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр