Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмірімде болмаған оқиға": Мақпал Жүнісова гастролдік сапармен барған ауылынан сахналық көйлек сатып алды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өміріндегі тосын оқиға туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесінің гастролдік сапары басталған. 

“Кеше өмірімде болмаған оқиға болды. Мерей таңғы 7-де Кегенге шығарып салды. Домбырам мен концертке киетін бас киімімді салып алдым. Аяқ киім мен боянатын заттарымды бөлек орадым. Ал концертке киетін сахналық көйлегім ілінген жерінде қалып кетіпті. Оны Кегенге барғанда бір-ақ білдім. Сол жақтағы дүкеннен қыздар камзол мен қара белдемше сатып әкеліп берді. Соларды киіп сахнаға шықтым. Сонымен концерт жоғары деңгейде өтті. Соңғы ән айтылып жатқанда Мерей киімдерімді таксиден беріп жіберіпті. Халыққа түсіндіріп айттым, бәрі жақсы өтті. Иығымдағы жамылғыны банкет ұйымдастырылса киіп отырармын деп ала салып едім, ол да пайдаға жарай кетті. Қаншама жыл сахнада жүріп, көйлектерімді ұмытқан кезім болған емес”, – деп жазды өнер Мақпал Жүнісова.

 


Айтуынша, соңғы кезде ұмытшақ дерті жабысып жүрген көрінеді. 

“Анам ұмытшақ еді, сол кісіге тартқанмын. Бала күнімнен ұмытшақтау едім. Бірақ костюмдерімді ұмытқан кезім болған емес. Ақтауға барғанда туфлиімнің қалып кеткені бар. Осы концертімді халық жылы қабылдады. Бұйырса барлық өңірді аралаймын”, – деп жазды халық әртісі. 

 

Талқылау