Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)

Жеке өмірі соңғы бір жылда қызу талқыға түскен Ақбота Сейітмағамбет жағымды жаңалығын жеткізді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жас ананың өмірі «Тікелей эфир» бағдарламасынан кейін күрт өзгерген көрінеді. «Ақботаның дәурені» деп аталатын тақырыптан кейін, Ақботаға жағымды пікір жазып, ақ тілегін жолдайтын оқырмандарының саны өсіпті.

«Иә, «Тікелей эфир» бағдарламасынан кейін барлығы тынышталды. У-шу басылды. Халық та мені түсінген сияқты. Енді кінә бір жақтан ғана бола бермейді ғой. Осы уақытқа дейін мені ғана кінәлап келген болатын. Бірақ, қазіргі таңда мені қорғап, қолдап, ақыл-кеңестерін айтып, аға-әпкерлерім, жанкүйлерлерім мені қолдап жатқан кезде маған ерекше шабыт беріп жатыр. Қазір барлығы Құдайға шүкір ойдағыдай», – дейді Ақбота.

«Боташка, сен күшті актрисасың. Алда тек қана сәттілік тілеймін. Отбасың аман болсын, кішкентай балапаның үлкен азамат болып, сені қорғасын!»￰, деп оқырмандардың бірі ақ тілегін ақтарса, «Ләйлә Сұтанқызымен передачада сізді көріп, шынайы, қарапайым, іші өкінішке толы, жүрегі жараланған қызды көріп, көзіме жас алдым! Шынымен сізбен бірге жылап алдым! Сіздің жүрегіңіз қандай таза, пәк! Жаным, сіз бақытқа әбден лайық жансыз! Кім не десе айта берсін! Әркім өз өміріне жауап берсін, періште көкте ғана, бәріміз пендеміз!Ұлыңыздың қызығын көріңіз! Бақыт тілеймін!», – деп жылы лебізін білдірген жанкүйерлері де бар.

Ал, тағдырдың тауқыметін ерте тартқан Ақботаға рухани қолдау көрсетіп, желіде қамқорлық танытқан көпшілікке актрисаның да айтар алғысы шексіз.

«Менің оқырмандарыма, жанкүйерлеріме, сіздерге көптен-көп рахмет! Сіздердің осындай қолдауларыңыздың арқасында мені шабыттандырып жатырсыздар. Енді алдағы уақытта сіздерді тек қана жақсы жаңалықтармен қуантамын деген ойдамын. Менен тек қана жағымды жаңалықтар күте беріңіздер», – дейді актриса.

Сондай-ақ, сұхбат барысында атышулы Дәурен Айдарқұловпен арадағы қазіргі қарым-қатынасы жайлы да айтуды жөн деп шешті. Бүгінде бұл жұп бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, ортақ балалары Ибраһим үшін жүздесіп тұратындарын да жасырмады.

«Дәуренмен қарым-қатынасымыз ойдағыдай. Дос ретінде араласамыз. Жұмысымыз бір болғандықтан, бірге жұмыс жасаймыз. Баласын көріп тұрады, келіп қарап тұрады. Бірақ, сол тек дос ретінде ғана араласамыз. Мен ол кісіні сыйлаймын, ол кісі мені сыйлайды. Басқасы үзілсе де достығымыз үзілген жоқ», – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Жұбайымды ел алдына шығармаймын, ертіп те жүрмеймін  

Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады

Роза Рымбаева: Біздің кейінгі әртістердің өмірі тек қана той-думан болып кетті

Абай Бегей: Ұзатылған қызыма енді көп хабарласа бермей күйеуіңе, ата-енеңе қара дедім

Талқылау