Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғазизхан: “Зың-зың” әнінің авторы сыныптасым, жертөледе жұмыс істеп денсаулығынан айырылды

Ғаламтор желісінің хитіне айналған “Зың-зың” әнінің авторы өмірден озған соң жақындары ол туралы естеліктер айта бастады. Мәселен, Болат Әбдіхалықпен бір сыныпта оқыған әнші Ғазизхан Шекербек марқұм досының сұм тағдырына қатысты тың деректерімен бөлісті.

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Ол жігіт жертөледе отырған, содан өкпесіне суық тиген. Жалпы әншілердің көбісі аранжировщикке керек зат ретінде қарайды. Жаздыратынын жаздырып, “хит болсын, билейтіндей ән болсын” деп тілектерін айтады.

Біреу үшін осылай денсаулығын құртатын жігіттер бар. Менің студиядан қашқан себебім де сол. Бұл жерде айтқым келгені, әншілер аранжировщиктерге құрметпен қараса, кішкене көңіл бөлсе деймін”, – деп әріптестеріне деген өкпе-назын білдірді Ғазизхан.

Бұдан өзге, Шекербеков сыныптасының сұм тағдырына қатысты деректермен бөлісті. Ол Болаттың жастай ата-анасыз қалғанын айтты.

“Төрт бауырдың ата-анасыз өскенін білемін. Ата-аналары бірінен кейін бірі өмірден ерте қайтқан. Енді жақында балалы болып, өзі де бақилық болды. Жалпы біздің ортаға, отбасы үшін өте қайғылы жағдай”, – деп күрсінді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі шоу-бизнесте төсек қатынасын ұсынғандар туралы айтты

Тұрсынғали Алагөзовтің балалары немен айналысады?

Динара Қырықбаева әжесін соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Өнер иелері азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы бас көтерді

Талқылау