“Өмір жалғасады”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасының қызын ұзатпақ
Ләйлә Сұлтанқызы екі жыл бұрын қайтыс болған марқұм ағасының қызын ұзатпақ. Тележүргізуші ауыр оқиғадан соң отбасында қуаныш жалғасып жатқанын айтты.
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасының қызына сырға салынғанын айтып, қуанышын бөлісті.
“Дишинкам қуаныштан жылап қалды. Ағам қайтыс болғаннан кейін мамам біразға дейін қатты күйзелді, бізге білдіргісі келмеді. Жеңгемнің жағдайын айтпасам да түсінікті шығар. Уақыт емші десек те, мұндай жағдайды басынан өткізген адам ғана бізді түсінеді.
Әрине, өмір жалғасуда, балалар өсуде, алды 20-дан асты. Кетем деген қызды ұстама дейді ғой, бүгін ағамның қайтыс болғанына 1 жыл 8 ай өткеннен кейін үлкен қызына сырға салуға жан досының жары, қайын сіңлісі мен қайын апасы келді. Бүкіл туған-туысты жинап, дүркіретіп жасауға болар еді, анамның “Үйде өзіміз ғана болайықшы” дегенін қош көрдік.
Алла тағала ешбір ананы жылатпасын, баласы мен қызының қызығын әке-шеше бірдей көрсін. Сіңлім бақытты болсын. Дұға жасап қойыңыздаршы, әумин”, – деп жазды тележүргізуші.
Айта кетейік, тележүргізушінің ағасы Руслан Сұлтанұлы бір апта аурахананың жансақтау бөлімінде жатты. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы желіде хабарлады. Тележүргізуші қаралы хабарды өзі жариялады.
“Аумин... Бақытты болсын, жаным. Саған қатты ұқсайды, Ляйлок... Әкесі иманды болсын… Бәрі жақсы болады, түзеледі”, –деп басу айтты Айгүл Мүкей.
“Қыз өз босағасында неге ақ орамал тағып алған?”, “Сіңліңіз сізге ұқсайды екен. Бақытты болсын!”, “Барған жеріне тастай батып, судай сіңсін. Дана келін бол, дара келін бол, ана келін бол”, “Қазір сырға салуға келгенде жастар шашын екі жақа әдемі қылып өріп алады екен ғой. Бақытты болсын. Бағы ашылсын”, “Өзіңізге ұқсайды екен. Барған жерінде бағы жансын”, – деп жазды желідегілер.