“Өмір шындығы”: Баян Мақсатқызы Қайраттың фильміне қатысты пікір білдірді
Бірнеше фильм түсіріп, отандық киноиндустрияның дамуына өз үлесін қосқан Баян Мақсатқызы әріптесінің жұмысын жоғары бағалады. Ол Қайрат Нұртастың “Арман” фильмі жайлы пікірін көпшіліктің назарына ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Иә, расында алғаш рет үлкен экраннан өмір шындығын тамашаладық десем, артық айтқандық болмас. Иә, біздің елде әйелдер зорланса да, полиция оған көз жұма қарайды, олигархтардың балаларына заң жүрмейді, иә, адамның ақшасы мен танысы болмаса, ол түрмеге отыруы мүмкін. Иә, бұл шындық! Тек бұл жайлы айту біздің қоғамға жат нәрсе, бірақ Қайрат мұны жасады! Билет сатып алып, шындықтың бетіне тура қараңыздар!” – деп жазды атышулы продюсер желідегі парақшасында.
Баян Мақсатқызы әдеттегідей бұл жазбасына да пікір қалдыруды шектеп қойған.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидың дауысы шықпай қалды (фото, видео)
Гүлзира Айдарбекова Қайраттың енесі жайлы айтып берді
Жұлдыз Әбдікерімованың әкесі алғаш рет қызының өмірі жайлы сұхбат берді
Талқылау