Өмір бойына түрмеге қамалады: Қытайда заңсыз жолмен медициналық бетперде жасаған азаматтар ұсталды
Қытайда қолмен медициналық бетперде жасап, оны сатумен заңсыз айналысқан 1560 адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚХР-дың қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрі Ду Ханвей мәлімдеді.
"Біз 688 істі тіркедік. Полиция қызметкерлері 31 миллион дана халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін медициналық бетперделерді тәркіледі", -деді ол.
Қытайда мұндай әрекетпен айналысқан азаматтар өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылыруы мүмкін. Бұған қоса аспан асты елінің өкілдері заңсыз тауар жасап шығарған азаматтармен қоса, бетперделердің бағасын асыра қымбаттатып жібергендермен де күресіп жатқандығын айтып өтті.
Еске салайық, 26 ақпан күнгі мәліметтерге сәйкес, Қытайда аурудан көз жұмғандардың саны 2715-ке, індетті жұқтырғандардың саны 78 064-ке жеткен.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ