"Өмір бойына бас бостандығынан айырсын": Омбудсмен Динара Зәкиева бала зорлағандарға қатысты қатаң шараларды жариялады
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату үшін заң жобасына түзетулер енгізуді ұсынды. Ол бала зорлағандардың жазасын қатаңдатуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Зәкиеваның айтуынша, жобада барлығы 10 заңға 55 түзету ұсынылған. Бұл құжат Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңес аясында ұсынылғанын түсіндірді.
"Қыркүйек айында заң жобасын ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен түрлі сайттарда талқыланып, кейін оны үкіметтің қорытындысына, сараптамаға жолдау жоспарланып отыр. ҚР парламенті мәжілісінің жұмыс топтарында да талқыланады. Біз барлық мүдделі сарапшыларды және қоғамдық ұйымдарды талқылауға шақырамыз. Өтінішті тікелей маған жеке жіберуіңізді сұраймын",- деді Зәкиева.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тек бас бостандығынан айыруды қалдырып, бас бостандығынан шектеуде алып тастау арқылы жазаны қатаңдату ұсынылып отырған мәлімдеді.
Сондай-ақ "Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық-зомбылық" деп аталатын жаңа бап енгізу көзделген.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін 15-20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір денсаулық жағдайында ғана тағайындалатын химиялық кастрация жазасы қарастырылған. Шешім – "Зорлау" бабы бойынша жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және тек өмір бойына бас бостандығынан айыру", - деп жазды омбудсмен.
Заң жобасы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны күшейтуді қарастырады:
• жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар;
• терезелерден құлау;
• қорқыту;
• балалар инфрақұрылымы мен ауласының қауіпсіздігі;
• балалар мекемелерін лицензиялау;
• жүйені, отбасын қолдау инфрақұрылымын шоғырландыру шаралары;
• отбасылар, әйелдер мен балалар үшін бірыңғай байланыс орталығын/анықтама телефонын құруға бағытталған шаралар;
• білім беру ұйымдарында балаларға психология жағынан қолдау орталықтарын ашу және тағы басқа.