Ғалымдар: "Омикроннан" қорғану үшін вакцинаның үш дозасы қажет
Вакцинаның екі дозасы "омикроннан" толық қорғай алмайды. Британиялық ғалымдар "дельта" штамымен салыстыра келе осындай байламға келді. Зерттеу нәтижесінде Британияда қолданылатын вакциналар жаңа штамға қарсы тиімділігі төмен екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Дегенмен вакцинаның үшінші дозасын немесе бустерлі екпе салдырғандардың 75% "омикрон" жұқтырмаған.
Levelling Up инфрақұрылымдық даму жобасына жетекшілік ететін Британия министрі Майкл Гоув жұма күні елдегі жағдайдың үлкен алаңдатушылық тудырғанын мәлімдеген. Бұған дейін "Кобра" төтенше жағдайлар комитеті отырысына қатысқан Гоув елдегі антивирустық шаралардың қазіргі қауіп деңгейіне сәйкес екенін және қажет жағдайда өзгертуге дайын екенін айтқан.
"Әрине, әрекет ету керек. Келіп түскен жаңа ақпараттар негізінде қалай әрекет ететінімізді шешеміз", - деп түсіндірді ол.
Жұма күні үкімет қарттар үйінде жаңа шектеулер енгізді. Енді мекемеге келушілер саны қысқартылып, тестілеу жиі өткізіледі.
Ғалымдар нені анықтады
Мутация Африканың оңтүстігінен анықталған. Бұл жағдайдан кейін ғалымдарды вакцинаның "омикрон" штамына қарсы тиімсіз екені алаңдата бастады.
Британиялық денсаулық сақтау саласы бойынша қауіпсіздік агенттігі вакцинаның қандай жағдайда болмасын вирустың ауыр жағдайда өтуінің алдын алады деп хабарлаған.
Зерттеу кезінде ғалымдар "омикрон" жұқтырған 581 науқас пен "дельта" штамын жұқтырған 1000-нан аса адамның мәліметтерін салыстырды. Олардың мақсаты вакцинаның тиімділігін анықтау болған.
Британиялық ғалымдар сараптамасы аз ақпарат негізінде жүргізілсе де, AstraZeneca вакцинасының тиімділігі айтарлықтай төмендегенін, ал Pfizer-дің екі дозасының тиімділігі қажетті деңгейде екенін анықтады.
Бустерлі екпе немесе үшінші доза коронавирустан 75%-ға қорғай алады. Әйткенмен бұл да жеткіліксіз. Ғалымдарда Moderna мен Janssen компаниялары өніміне қатысты қорытынды жасау үшін деректер аз. Бірақ олар да осындай нәтиже көрсетуі мүмкін.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі вакцина коронавирус жұқтырудың ауыр жағдайының алдын алатынын айтады. Британияда қазіргі таңда 22 миллион адам вакцина алған. Егер олардың барлығы үшінші дозаны алғаса да, екпенің тиімсіздігі салдарынан миллиондаған адам қатерлі аймақта болады.
Күніне 100 мың ауру жұқтыру дерегі
Тұрғындардың ауру жұқтыру деректері бұған дейін ғалымдар жасаған болжамды растады. Мамандар "омикрон" кезінде антиденелердің вирусты жою қабілеті 40%-ға төмендейтінін айтқан.
Оптимистік теорияға сүйенсек, вакциналау қандай жағдайда болмасын ауруханаға жатқызылатын науқастар санын азайта алады. "Омикрон" жайлы толық ақпарат алдағы аптада жариялануы тиіс.
Егер тұрғындар арасында "омикрон" жаппай тараса, ауру жеңіл өтті деген күннің өзінде иммунитеті әлсіз адамдар бір уақытта ауруханаға түсуі мүмкін. Жаңа штамның таралу жылдамдығы вакцинаның тиімсіз екенін көрсеткен. Деректерге сүйенсек, аталмыш штамды жұқтыру дерегі әр екі-үш күн сайын өсуде.
Британиялық денсаулық сақтау агенттігі мәлімдегендей, желтоқсан айының ортасында "омикрон" басымдыққа ие негізгі штамға айналады. Егер жұқтыру деңгейі өсе берсе, ай соңында күн сайын 100 мың ауру жұқтыру дерегі тіркеледі.
"Алдын ала бағалау деректеріне аса байыптылықпен қарауымыз керек. Біздің ойымызша, вакциналар аурудың ауыр деңгейде өтуінің алдын алады. Сондықтан алғашқы екі дозаны алмасаңыз, өтініш, тезірек екпе салдыруға жазылыңыз", - деп мәлімдеді Иммунизация департаментінің басшысы Мэри Рамзи.
Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен ковид жұқтыру деңгейінің өсетініне қатысты алаңдаушылық білдірген.Шотландия үкіметі жаңа шектеулер енгізіп, Рождество қарсаңында адамдарды жиналмауға шақырды.