Омбы қаласында адам зорлаған күдікті 10 жылдан кейін Павлодар облысында тұтқындалды
Омбы қаласында 10 жыл бұрын адам ұрлады деп күдікке ілінген азамат Павлодар облысында қолға түсті. Ер адам "Іздеу" халықаралық шұғыл-профилактикалық шарасы аясында ұсталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Екібастұзда 2012 жылдан бері Омбыда адам зорлағаны үшін іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Василий Скляр.
Бұл бап 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар Павлодарда Жамбыл облысының тумасы да қолға түсті. Ол 2002 жылы Қырғызстанда жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен қашып кеткен.
Шұғыл іздеу шарасы басталған уақыттан бастап полицейлер 10 қылмыскерді тапқан. Олардың алтауы Ресей аумағында заң бұзғандар. Үшеуі аса ауыр қылмыс жасаған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ