AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оман елі қазақстандықтар үшін визалық режимді алып тастады

Оман Сұлтандығы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығы 14 күн мерзімге туристік визасыз бара алады. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары Оманға 14 күннен асатын мерзімге сапар шегуді жоспарласа, тиісті санаттағы визаны беру қажет", – деп толықтырды министрлік.

Елде визасыз жүру мерзімін ұзарту қарастырылмағаны, бұл ережелерді бұзу мерзімі өткен әрбір күн үшін 10 Оман риалы (10 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, ведомство қазақстандықтарға COVID-19 пандемиясы аясында елімізде бірқатар шектеу шаралары қабылданғанын ескертті. Оман әуежайының веб-сайтында осы елге кіру ережелерімен танысу ұсынып отыр. Бұрын Оманға туристік визасыз бару үшін Қазақстан азаматтарының төлқұжатында АҚШ, Шенген елдері немесе Жапонияның жарамды визасы болуы керек еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр