Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне кінәлі Мұхитова жазасын түрмеде өтейді

Ақын Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған жол апатына қатысты іс бойынша бірінші сатылы сот төрағасы Малика Мұхитованың түрмеге жіберілетін уақытын атады.

Малика Мұхитова

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

14 қаңтарда аппеяциялық сот алқасы Мұхитоваға қатысты сот үкімін өз күшінде қалдырып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, көлік жүргізуге 5 жылға тыйым салды. Ол ҚР ҚК 345-бабына (Көлік құралын пайдалану барысында жол ережесін бұзып, салдарынан адам өліміне әкелу) сәйкес айыпталған еді.

Малика Мұхитоваға қатысты бұлтартпау шарасы туралы сот төрағасы Қанат Тобағалиұлы хабарлады.

«Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Кеше апеляциялық инстанцияның қаулысы негізінде сот үкімі заңды күшіне енді. Ал бүгін қызды қамауға алу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қаулы бізге түскен бойда, біз оның көшірмесін үкімді орындау үшін жолдаймыз. Мұхитова алдымен тергеу изоляторына, кейін қоныс колониясына, яғни қауіпсіздігі төмен мекемеге жіберіледі», – дейді Тобағалиұлы.

Сот төрағасының сөзінше, Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша Мұхитованың кінәлі немесе кінәлі еместігі туралы көптеген нұсқа болған. Сот шешімі әділ болуы үшін барлық сарапшы мен куәгерлерден жауап алынып, істің толықтығы қамтамасыз етілді. Сондықтан істің қаралуы ұзаққа созылып кетті, дейді Тобағалиұлы.

Ал Мұхитованың қорғаушысы Дмитрий Куряченко сот үкімімен келіспейді, сондықтан Жоғары сотқа  өтінішхат түсірмек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр