Олжас Бектенов қоңыраудан кейін үкімет отырысынан шығып кетті
Фото: primeminister.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов үкімет отырысы кезінде келіп түскен қоңырауға жауап беру үшін залдан шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдымен Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды. Ол Конституцияға қолын қойып, ант берді. Бұл жаңадан тағайындалған барлық министрлер үшін міндетті рәсім.
Премьер Сүлейменованы таныстырып жатқанда, үкіметтік байланыс телефонына қоңырау түсті. Бектенов қоңырауға жауап беріп, отырыс залынан шығып кетті. Үкімет жұмысы ары қарай жалғасты. Отырысты вице-премьер Роман Скляр жүргізді. Ол трибунаға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы шақырды.
Олжас Бектенов шамамен 12-минутта залға қайта оралды.
Айта кетейік, мұндай жағдайлар өте сирек болады. Әдетте премьер-министр отырысты толық өзі өткізеді. Бұл жолы қоңыраудың маңызды болғаны анық, өйткені үкіметтік байланыс телефоны әдетте президентпен немесе аса маңызды тұлғалармен сөйлесу үшін қолданылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылып, орнына экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова келгенін жазған едік.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
