Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

OLX.kz қазақстандық кәсіпкерлерді қолдайды

OLX.kz шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін көмек бағдарламасын іске қосты, атап айтқанда: қазіргі клиенттер үшін барлық ақылы хабарландырулардың әрекеті сәуір айының соңына дейін ұзартылды; жаңа бизнес-клиенттерге OLX.kz-ке хабарландыруды орналастыру үшін Премиум-пакетті тегін береді (сұранысты [email protected] поштасына байланысу үшін аты мен телефон нөмірін жазып қалдыру керек). Сонымен қатар, сервис оффлайн-бизнестен онлайн-бизнеске қалай өтуге болатынын  айту мақсатымен кәсіпкерлерге арналған тегін оқыту вебинарларының сериясын іске қосады (вебинарлардың уақыты туралы ақпаратты @olx.kz инстаграм-аккаунтынан көруге болады).

Елена Ким, OLX Kazakhstan бас директоры:

"OLX.kz-тің миссиясы - ең бастысы, қазақстандықтарға жұмыс табу, тұрғын үй сатып алу, автокөлікті жаңарту, жөндеу жасау немесе үйге көмекші табу және, әрине, қажетті тауарды тиімді бағамен табу секілді өмірді жақсартатын шешімдерді іздеуге көмектесетін ыңғайлы интернет-сервис ұсыну. Бүгінгі күні қалыптасқан жағдайда біз өз миссиямызға адал болып қаламыз және шағын және орта бизнес иелеріне өзекті мәселелерін офлайннан тиімді шарттармен онлайнға өту арқылы шешуді ұсынамыз. OLX.kz-тің 6 жылдық тарихына көз жүгіртсек, біз сатушылар мен сатып алушыларды біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар сіз бен біз секілді қарапайым адамдардың өмірі мен тұрмысын жеңілдететін қызметті құра алғанымызды түсінеміз. Біз пайдаланушыларымыздың тәжірибесін жақсарту және жас аудиторияны тарту үшін қызметімізге серпінділік пен эстетикалықты енгізу арқылы оны жаңарттық. Біз мұның бәрі шағын және орта бизнеске де, жеке тұлғаларға да ОLX.kz арқылы күн сайын миллиондаған қазақстандықтың өмірін жақсарту үшін онлайн режимге біртіндеп өтуге көмектеседі деп сенеміз. Менің ойымша, біз бірге көп нәрсе істей аламыз".

OLX.kz-ке ай сайын Қазақстандағы 8,5 миллионнан астам бірегей қолданушылар кіреді. Қазақстанда бұл қызмет пайда болған 6 жылдың ішінде 3 миллионнан астам қазақстандық өзінің бизнесін OLX.kz-пен бірге дамыта бастады, сол арқылы тек жақындарына ғана емес, сонымен бірге ел экономикасына да көмектесуге мүмкіндік алды. Күн сайын пайдаланушылар сервисте 18 миллион іздеу сұраныстарын жасайды, айына бұл сан орташа есеппен 560 миллион сұраныс белгісінен асады.

Сауалнамаға қатысқан бизнестің бірі өзінің сервиспен ынтымақтастығына түсініктеме берді: "ОLX платформасында біз 2020 жылдың ақпан айында орналастық. Қазір әрбір екінші сатып алушы бізге OLX платформасынан келеді деп сеніммен айта аламыз. Бүгінгі күні OLX-пен сатудың жалпы пайызы 15%-ды құрайды, кірістілігі әдеттегі сатылымнан жоғары".

Наурыз айының соңында сервис дизайны жаңартылды, сонымен бірге позициялануы да өзгерді.

Дана Бергарипова, OLX Kazakhstan Маркетинг бөлімінің басшысы: "OLX.kz миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. OLX.kz-ті жаңарту - бұл жай "заттарға толы сайт" қана емес, өмірді жақсартатын және ақылды таңдау жасауға көмектесетін шешімдер іздеу қызметі екенін көрсету мүмкіндігі. Адамдар үшін — сантехникті  іздеуден жұмыс іздеуге дейін; каржы мен табысты үнемдеу үшін — тауарларды ең жақсы бағамен іздеуден бизнес үшін клиенттерді іздестіруге дейін; экология үшін — заттарды қолдан сатып алудан бастап, қажетсіз заттарды сатуға дейін. OLX.kz-ті жаңарту арқылы ол әлдеқайда қарапайым және ыңғайлы қызметке айналады. Енді, біздің пайдаланушыларымыз күнделікті қажеттіліктері үшін тез шешім қабылдай алады".

OLX.kz сатып алушылар мен сатушыларға бір-бірімен байланысуға мүмкіндік береді, барлық қарым-қатынас платформада жүзеге асырылады, сервис барлық жеке деректерді қорғайды.

Жаңа клиенттерге тегін орналастыруға өтінім беру үшін [email protected] поштасына аты пен телефон нөмірін жіберу керек.