Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

OLX-та шетелдік автокөліктерді тіркеуден шығару қызметі пайда болды: Адамдар алданып жатыр

Түркістан облысының полицейлері OLX сайтында автокөлікті тіркеуден шығару қызметін ұсынған интернет-алаяқты әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің елде шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша бір реттік науқан жүргізілуде, соған байланысты интернетте жүргізушілерге шет мемлекеттерден әкелінген көліктерді ақылы түрде тіркеуден шығару қызметін ұсынатын күмәнді хабарландырулар пайда бола бастады", – деп хабарлады полицейлер.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілер мен жарнама сайттарына мониторинг жүргізу барысында OLX сайтында Армениядан келген көліктерді тіркеуден шығару қызметін ұсынатын күдікті жарнамаларды анықтады.

Белгісіз біреу қызметі үшін 1 миллион 200 мың теңге сұраған. Жүргізушілер бар болғаны тіркеу куәлігін ұсынуы қажет,  жарнама беруші бір апта ішінде дайын құжаттарды беруге уәде берген.

Полицейлер хабарландыру авторын анықтады, ол Қостанай облысының тұрғыны болып шықты.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Полиция жүргізушілерді қырағы болуға және мұндай қызметтерді ұсынатын күмәнді жарнамаларға сенбеуге шақырды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 21:18
Талқылау