Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлтіруді жоспарладым": 16 жастағы қыз еркелеп, шулаған інісін пышақтап тастады

Петропавл-Камчатскийде тұратын отбасылардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. 16 жасар қыз інісінің асқазан мен мойынына бес жерден пышақ тығып, оны өлтіріп ала жаздады. Дегенмен, бала аман қалды. Жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасында үш бала тәрбиеленіп жатыр. Оқиға 31 мамырда болған. Анасы кіші қызымен бірге Владивостокқа ән мен би байқауына ұшып кеткен, ал әкесі жұмысына кезекшілікке шыққан. Ол әскери бөлімде сүңгуір болып жұмыс істейді. Мектеп оқушысы мен оның 10 жастағы інісі үйде жалғыз қалған.

Бір ұл бала еркелеп, шулай бастаған. Осылайша, әпкесінің ашуына тиген. Содан кейін қыз ас үй пышағын алып, оны інісін өлтіру үшін мойнына сұғады, бірақ бұл әрекеті сәтсіз болады, сосын асқазанынан соққылайды.

Жедел жәрдемді қыздың өзі шақырады. Бала көп қан жоғалтып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Дереккөздің мәліметінше, қазіргі таңда жәбірленушінің жағдайы тұрақталды, сауығып келе жатыр.

Балалардың анасы болған оқиға туралы біліп, бірден үйіне оралған, бірақ әлі құқық қорғау органдарымен сөйлеспеді. Әкесі оқиғаға ешбір түсініктеме бере алмады.

Ал жасөспірім қыздың ата-анасын жақсы көретінін айтады. Сондай-ақ ол жасаған ісіне өкінеді. Қыз кішкентай бауырлары ашуына тиетінін, шабуылды жоспарлағанын мәлімдеген. Ол ата-анасын қызғанған болуы мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша, қыз интернеттен қай жерден соққы беру керек екенін іздегені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, оған психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

Талқылау