Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтіріп, зорлап, тонап кеткен: Атырауда NCOC компаниясының менеджерін өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді

Бибігүл Шпанованы өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті

Фото: azh.kz/Linkedin/Бибігүл Шпанова

Атырауда тергеу соты элиталық тұрғын үйде NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанованы қатігездікпен өлдірді деп айыпталған сантехниктің ісі сотқа жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

46 жастағы Бибігүл Шпанованы өлтірген күдікті – 38 жастағы Атырау тұрғыны Арман Жетпісов. Күдікті ажырасқан, ресми түрде жұмыссыз, бұған дейін алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істерге қатысы бар.

Бибігүл тұрған "Француз кварталы" тұрғындарының айтуынша, ол өзін "сенімді сантехникпін" деп таныстырып, адамдардың, әсіресе әйелдердің сеніміне оңай кірген. Көп жағдайда алдын ала төлем алған соң, із-түссіз жоғалып кететін.

Тергеу мәліметінше, Жетпісов бұл тұрғын үй кешенінде бұрыннан жұмыс істеген және тұрғындарда, марқұм Шпанова да оны таныған. Әйел одан жөндеу жұмыстары бойынша көмек сұраған, алайда кейін оны алаяқтық жасады деп күдіктеніп, ақшасын қайтаруды талап еткен. Қайғылы оқиға болған күні ол Шпанованың үйіне келіп, әйел есікті аша салысымен оған шабуыл жасаған.

Ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып, кейін оны зорлаған. Одан кейін пәтерден шығып, есікті кілтпен жауып кеткен. Ол өзімен бірге әйелдің телефоны мен бағалы заттарын алып кеткен. Сонымен қатар марқұмның автокөлігін айдап кетіп, жол апатына түскен. Кейін тұрғын үй кешенінің ауласына жаяу қайтып келген. Оның келгенін бейнебақылау камералары түсіріп алған. Жетпісов кейін Маңғыстау облысында ұсталды, одан марқұмға тиесілі ұрланған заттар табылды.

Жетпісовке бірден бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды:

  • Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі – алаяқтық;

  • Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлім 2-тармағы – аса қатыгездікпен жасалған зорлау;

  • Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлім 3-тармағы – ірі көлемдегі ұрлық;

  • Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлімі – көлік құралын заңсыз иелену;

  • Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлім 4, 5, 8, 10-тармақтары – жүкті әйелді аса қатыгездікпен, пайдакүнемдік ниетпен, зорлаумен және басқа да қылмыстармен ұштаса жасалған кісі өлтіру.

Сот процесі жәбірленушіге қатысты жеке деректердің көп болуына байланысты жабық режимде өтеді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 08:25
Талқылау