Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтірем деп қорқытты: Павлодарда 58 жастағы ер адам бүлдіршінді зорлап келген

58 жастағы ер адам бүлдіршінге жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды. Сот үкімімен ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкесінен зорлық көріп келген 14 жастағы қыз бала босанды

Қылмыскер қатаң режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Ер адам мен жас балаға қатысты қылмыстық іс жабық қаралды. Сондықтан сот олардың қылмыстың жай-жапсарын жария етуге құқығы жоқ деп түсіндірді.

Алайда кәмелетке толмаған адамға оның дәрменсіз күйін пайдаланып, кісі өлтіру қаупі бар жыныстық сипаттағы әрекеттер фактісі бойынша іс алқабилердің қатысуымен қаралды деп хабарланды.

Ер адам соңына дейін өзінің қатысқанын жоққа шығарды және ақтауды сұрады. Бірақ оның кінәсі жәбірленушінің өзінің, куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылардың пікірімен дәлелденді.

Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қазылар алқасы мемлекеттік айыптаушымен келіскен. Сотталушы қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр