Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлсеңдер жақсы болатын еді": 4 баланың әкесінің сөзі жұрттың жағасын ұстатты (видео)

8 жасар Марал Болатхан анасы көз жұмғаннан кейін әкесінің тастап кеткенін айтып, оған деген ренішін жеткізді. Айтуынша, әкесі «Сендерді жек көремін» деген сөзден қымсынбаған. Тіпті, өлгендерің жақсы де айтатын кездері болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап. 

балалар

Сурет: "Астарлы ақиқат" видеосынан скриншот

Бүгінде төрт ағайынды иесіз қалған орыс отбасының үйін паналап жүр. Баспананың кімге тиесілі екенін де білмейді. Десе де, аналарының қайтыс болғаны үшін берілетін 60 мың теңгеден бөліп-жарып коммуналдық төлемдерді қалдырмай төлеуге тырысады. Осы орайда олар басынан өткен оқиғасын баяндап берді. 

«Анам ауырды, оған рак деген диагноз қойды. Бірақ нақты диагнозын таба алмады. Солай ма, олай емес пе білмейміз. Анам тірі кездің өзінде солай болған. Анамның күшімен ғана жүрді. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін мүлдем жоқ болып кетті. Ауылда үйіміз болды. Бәріміз бірге тұрдық. Алайда ол үйді әкем туған әпкесіне бере салды. Анам берме десе де тыңдамады. Осы күндері өз бетімізбен алаңға шығып жұмыс істедік», - дейді Шолпан Болатхан. 

Әкелері балаларын әпкесінің үйіне апарған. Алайда бүлдіршіндер бұл әпкесінің өзін жақтырмағанын айтады. Пәтерге шығуларына осы нәрсе себеп болған екен. Сондай-ақ, олар әкелерінің қайда жүргенін білмейтінін бөлісті. 

«Талғарда тұратын Айнұр деген бір тәтемен сөйлесетін. Жалпы көп әйелдермен сөйлесіп жүрді. Телефонына тыныштық болмады. Солардың кесірінен шығар деп ойлаймын. Бірінің артынан бірі қоңырау шалады, солармен сөйлесе береді. Бізді еш еркелетпейді. Әйелдермен «жаным» деп сөйлескенін өз құлағыммен естідім. Бізге ондай жылылық сыйлаған емес, «балам» деп те еркелетпеді», - деді жасөспірім. 

Әпкесінің сөзін 8 жасар сіңілісі жалғап, әкесін бәрібір де сағынатынын жасырмады. Алайда өздерін іздеп жүрген әкесі жоқ сыңайлы. 

«Мен сағынамын, ол бізді сағынбайды. Ол бізді жек көреді. Осы күнге дейін ұрған емес. Түк те істемеді. Бірақ «күнім» деп айтатын, кетіп қалды», - дейді Марал Болатхан. 

Бұдан өзге балалар әкелерінің өз аттарынан қарызға қалаған затын алып, ауылдастарының алдында ұятқа қалғанын жеткізді. Айтуларынша, ауылдағылар көпке дейін тыныштық бермеген.

Ал отбасының тұңғышы Шарапат әкесінің әпкесінің қолында өскен. Ол әкесінің «Өлсеңдер жақсы болатын еді» деп айтқан сөзі әлі күнге дейін жүрегіне тікен болып қадалғанын айтып жылады. 

Естеріңізге сала кетсек, үш баланың әкесі қарамайтынын айтып, көмек сұрап видеоүндеу жазғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?
Çàãðóçêà...